№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сәбилер Елбасын таниды

Сәбилер Елбасын таниды

   Егемен еліміздің ертеңгі егелері – жас ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде отбасынан кейінгі талбесік саналар балалар мекеніндегі мейірімнің орны бөлек. Кент орталығындағы «Арай – Нұр» бөбекжайы қабырғасында осындай құндылықтар қалыптасқанына балалар тыныс-тіршілігімен таныса отырып, анық көз жеткізгендейміз.

  Балабақшада 50 бүлдіршін тәрбиеленеді. Ғимарат іші жарық әрі балғындар үшін жан-жақты жағдай қалыптасқандығына, ере­жедегідей тамақтану рационына қарап, құрылтайшы болып саналар мекеме иегер­­лерінің өз жұмысына соншалықты жоғары жауапкершілікпен қарайтыны аңғарылды. Қай міндетті болмасын адал атқару тұлғаның шынайы жанашырлық сипатымен айқындалса керек. Балабақша меңгерушісі Дәмеш Палжанова тәрбиешілер Қожахметова Мереке, Әмірханова Ақерке, Мөлдір Жаппарбергенованың қам­қор­лы­ғындағы балақандармен атқа­рылып жатқан жұмыстар барысымен таныс­тырды. Кішкентайлар тобында өтіп жатқан сабаққа қатысып, бал тілді балақандармен Астанаға саяхаттап, Елбасы туралы тақпақтарын тыңдадық.
Бүлдіршіндер Елбасын таниды. Ұлт Көшбас­шысына арнайы безендірілген көр­мені тамашалап, ой-түсініктерін кеңейт­кен жеткіншектерге балалар бағбаны арнайылап Елбасы атынан сыйлық әкеліп ортаға қойды. Оны ашу үшін балалар жақсы оқуы, жылдам тақпақ жаттауы тиіс. Талпынысы белсенді бүлдіршіндерге тәлім сабағы өте әсерлі өтті. Сыйлық салынған қораптан қалағандарын алып, шаттанған сәбилердің білуге ықыласы қуантты.
Адам сәбиден өсіп-жетіледі. Келешек тұлға тәрбиелеуде тұғырлы еңбектеріңіздің тек жемісін көріңіздер деген ізгің тілекпен оралдық.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
12 желтоқсан 2018 ж. 553 0