Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 547

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН

 Жақында Жаңақорған агро-техникалық колледжінде өнегемен өрілген шара өтті. Оған білім ордасында әр жылдары қажырлы еңбек етіп, бүгінде жетпіс жастың тұғырына шыққан Зияудин қажы Әбілхайырұлы, Тұрғанбек Әбдікәрімов, Рабиға Әметова, Қалдыбек Беркінбаев, Құрбанай Сарқұлов арнайы шықырылыпты.

  Колледж студенттері арнайы шақырылған қонақтардың өнегелі өмір жолдарымен таныстырып, әрқайсысына арнап өлең жолдарын арнады.
Сахна төріне көтерілген колледж директоры Мадияр Ахметұлы 70 жасқа толған ардагерлерді мерейтойларымен құттықтап, білім-біліктілігін, қайрат-жігерін сапалы мамандар қалыптастыруға арнағанын тілге тиек етті.
  Одан кейін сұрақ-жауапқа алмасып, студенттер мерейтой иелеріне сұрақтарын жолдады.
Келесі кезекте колледж түлегі, бокстан халықаралық турнирлердің жеңімпазы Азамат Бектас және колледж ұстаздары Сара, Әзірет, Айман, Өмірбек пен Қайрат сахна төріне шығып, кеш қонақтарын құттықтап, өмірі еңбекпен өрілген азаматтарды үлгі-өнеге тұтатындарын айтты.

                                                         Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 358 0