АЖАЛЫ КАКТУСТАН КЕЛГЕН ҚАРТ ӘЖЕЙ
Франциядағы Ле-Канне қаласы тұрғынының үстіне кактус құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті Le Parisien сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға Монакода болған. Онда 92 жастағы әжей демалысқа келіпті. Далада серуендеп жүргенде оның үстіне аяқ астынан үлкен кактус құлайды. Ол бірден ауруханаға жеткізіледі.
Оның қасында 60 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел де болған. Олар да жарақат алып, арқаларының ауыратынын айтқан.
Ал егде жастағы әйелдің өлімі туралы өзінің немересі Facebook-те жазды. Ақпаратты қауіпсіздік қызметінің мамандары растады.
Оқиғадан кейін тергеу басталды. Әзірге кактустың қалай құлағаны анықталмады.