Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТОСЫНСЫЙ ЖАСАЙМЫН ДЕП, БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

ТОСЫНСЫЙ ЖАСАЙМЫН ДЕП, БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ


Қытайлық азамат өміріндегі ең маңызды қадамға жақсы дайындалғаны сонша қонақ үйді өртеп жіберді. Ғашық жігіт сүйіктісімен кездесіп жүргеніне 1 жыл толуын атап өтпекші болып, қонақ үйден бір бөлмені жалға алған. Ол дос қызына  ұсыныс жасау үшін сегіз майшамнан жүрек жасап, бөлмені дайындап кеткен.Бұл туралы shanghai.ist хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бірақ, Чжан қайтып келгенде қонақ үйдің жетінші қабатындағы бөлме өртеніп, терезеден қалың қара түтін шығып жатқан. Қытайдың Хучжоу қаласының өрт сөндірушілері жанып тұрған шамдардың бірі кілемге құлап кетіп, содан өрт тұтанған деп күдіктенуде. Абырой болғанда өрт бір сағаттың ішінде сөндіріліп, ешкім зардап шекпеді.Алайда, ғашықтар болашақта жоспарлап қойған балайын кейінге қалдыруы әбден мүмкін. Себебі Чжан қонақ үйдің бөлмесінен шыққан өрт үшін 38 мың доллар өтемақы төлейді.
Ал, Чжанның дос қызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алды ма ол жағы белгісіз.

28 маусым 2018 ж. 1 135 0