№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шұрқ-тесік жолдың жөнделгенін қалаймыз

Шұрқ-тесік жолдың жөнделгенін қалаймыз

    Жаңақорған кентінде 236 көше болса, соның 80 пайызы асфальттанған. Яғни, облыстағы жол мәселесі шешілген бірден-бір орталық-тұғын. Бірақ... Қазір бұл жолдардың жұрнағы да қалған жоқ. Ой-шұқырлы жолдар жаңақорғандықтардың бас ауруына, жергілікті биліктің талқылайтын негізгі тақырыбына айналды.
  Иә, аудандық әкімдіктің қабырғасында талай рет талқыланып, «Нұр Отан» партиясы мен мәслихаттың бақылауында болғанымен жағдайдың реттелетін түрі жоқ. Алғашында судың келетініне қуанған халық бүгінде жолдың жай-күйіне қарап өмір нәрінің келетініне күмәндана бастады. Аудан әкімдігі мен мәслихат депуттары, нұротандықтар мәселені кеш болмай шешуге кірісті...
   Естеріңізде болса, газеттің №90 (8211) нөмірінде «Ауыз су жыры» ой-шұқыр жолға тап қылды» атты мақала жарық көрген болатын. Мақалада жауапты мекеме жіберген қателіктерін жүйелеп, кем-кетіктің орнын толтыруға уағдаласқан болатын. Уәде берілді, алайда нәтижесі қандай? Осыны бақылау мақсатында арнайы сала мамандары рейдке қайта шығып, мердігер мекеменің ісін көзбен көруді ұйғарды.


  Жол бастаушы аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, бақы­лаушы топтың құрамында мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов және ау­дандық тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Баянбай Доспанбетов бар.
   Сонымен, көшеге бақылау жұмысы З.Мұсахановтан басталды. Істің басынан «Темір Строй Сервис и КО» ЖШС-нің басшысы Нұрсұлтан Андиров табылды.
– Жігіттер жұмыс қалай жүргізілуде? – деді Адай Елеусізұлы.
– Уәде етілгендей шұқырлы жер­лерге қайта тас төсеп, бетін тегістеп жатырмыз. Алдымен, үлкен көшелерді жөнге келтірсек, одан кейін қалған көшелерді реттейтін боламыз.
– Шұңқыр жолдың үстіне төселген қиыршық тас тым аз. Себебі неде? Қаржы жеткіліксіз бе, әлде тас жоқ па?
– Майда тас жетеді. Толғанынша төсеп жатырмыз. Кем-кетік болса қайта ретке келтіреміз, – деді мекеме басшысы.
Сөзге Баянбай Доспанбетов ара­ласып:
– Техника мен жұмыс күші жеткілікті ме?
– Иә, қазір 4 бригада мен бес трактор, үш камаз жолдарды реттеуге тартылды.
– Нұрсұлтан, соңғы жиында 1-желтоқсанға дейін жол мәселесін шешеміз деп уәде бердіңіз. Уәде қайда? Кейбір тар көшелерде қақпақтар асфальттан тым биік болғандықтан жол қозғалысына кедергі келтіруде. Мұны қалай реттейсіздер? – деді Ерғали Орманұлы.
– Қазір жолдарды қалпына келтіруге бар күшімізді салудамыз. Желтоқсанның ортасына дейін бітіреміз. Одан кейін жөнделген көшелер қайтадан ойылып жатса, көктемге дейін қайта қалпына келтіріп отырамыз. Ал, қақпақтарды келер жылы қайта бұзып, төмендетеміз, – деді жауапты сала маманы.
Иә, жасалынып жатқан жұмысты жоққа шығаруға болмайды. Алайда жөндеу жұмысы сапасыз екені анық. Ой-шұқырлы жерлерге майда тас төсеуді бастаған мекеме жұмысын көрген бақылаушы топ Аманкелді, М.Көкенов, Ақмешіт және Алдамжар көшесін аралап, кемшіліктерді тізіп, қиыршық тасты қайта төсетті.

  ТҮЙІН. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, суды жүргізудегі кемшіліктер аз айтылған жоқ. Төл басылым 4 млрд. теңге жұмсалатын суландыру жүйесінің кемшіліктеріне бағыттап жеті рет зерттеу жасап, негізгі мәселелерді тізіп бердік. Бірақ... Суландыру жүйесінде жүйелі іс пен жауапкершілік жетіспей жатыр...

 Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

08 желтоқсан 2018 ж. 1 052 0