№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жергілікті билікке жаңақорғандық ағайынның жан-айқайы жетер емес

Жергілікті билікке жаңақорғандық ағайынның жан-айқайы жетер емес

   Күз келгелі кенттегі кейбір көше тұрғындарынан маза қашады. Себебі, аудан орталығындағы кейбір көшелер жөндеу көрмегелі қашан. Үлкен көшелерде жаяу жүргіншулер жолы болмай әбігерге түссе, екіншісі көлік жүретін жолдардың жай-күйіне алаңдаулы. Анығын айтар болсақ, соғыс ардагері Тұрсынбек Исмайловтың атына берілген көшенің бүгінгі келбетінен сән кетті. Асфальтті күтіп жүрген тұрғындар тас жолға да шүкіршілік етіп отыр. Алайда, жергілікті билікке жаңақорғандық ағайынның жан-айқайы жетер емес.   
 –  Жолымыз күннен күнге нашарлап барады. Жаңбырлы күні көшемен жаяу жүру түгілі, көлікпен батып қалатынымыз рас.  Шұрық тесік жолдың кесірінен бірнеше рет көлік бұзылып, шығынға батыруда. Кент орталығына жету үшін тұрғындар үнемі әбігерге түседі. Балаларымыздың мектепке барып келуі өте қиын, – деген тұрғындар өздерін емес, балалар ертеңіне алаңдаулы.
Бір сөзбен айтқанда, жұрттың берекесін қашырған жол мәселесі қашан шешіледі?..
Ерлан АБДРАСИЛОВ

06 қараша 2018 ж. 1 612 0