КІТАПХАНАДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Жақында аудандық кітапхана қызметкерлері арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек стол өткізілді.
Шара барысында аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова 6 бағыттан тұратын халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа Жолдаудың мән – маңызына тоқталып, оның жүзеге асуына көп болып жұмылып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Алқалы басқосуға жиналған қауым Елбасының бұған дейінгі Жолдаулары еліміздің алдындағы стратегиялық міндеттерді айқындауға бағытталса, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанына қолдау білдірді. Әрі стартегиялық құнды құжаттың басым бағыттары хақында өз пікірлерін ортаға салды. Алдағы уақытта бағдарламалық құжаттың іс жүзіне асыруға кітапханашылар да белсенді атсалысатынын атап өтті.

Әли ТЕМІРБЕК.