№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зерек қыз Айсұлу!

Зерек қыз Айсұлу!

   Айсұлудың жасы небәрі үште. Десе де, балғынның ұстаздары оның алғырлығына тәнті. Зерек қыздың зейінін көрген «Көркем» шағын орталық ұжымы төл басылымға хабарласып, қатарластарынан ойы озық балғынды таныстырды...
  Вундеркинд. Алдымен осыған тоқталсақ. Ақ­парат кеңістігінде бұл терминдер пайда болғалы ерекше дарынды балалар жайлы мақалаларды жиі-жиі оқитын болдық. Мәселен, француз жазушысы Блез Паскаль төрт жасында оқып қана қоймай, көркем тілмен жаза да білген. Ал, үш жасында концертке шыққан Моцарт пен тілі шығысымен қолына қылқалам алған Пикассо сынды дарындыларды сол кезде-ақ әлем жұрты мойындаған еді. Міне, кейіпкерімізден осындай үлкен үміт күтеміз...
Жалпы, Жаңақорғанда туа бітті таланттылар, ерекше дарын иелері жайлы әркез естіп жүрміз. етеріңізде болса, ерекше қабылеті бар Әділет, Айару сынды балабақша балғындарын елеп, мақалаға арқау еткен едік.
Ендігі жерде оларға тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп, бойындағы талантын ашу ата-анасы мен ұстаздарының міндеті. Себебі, елдің ертеңі солар емес пе?! Бұл жолы да дарынды балғынды нысанаға алдық.
Айсұлу ән-айтып, би билеп қана қоймай сандардан жаңылмайды. Тіпті, үш тілде еркін санай алады. Ағылшынша онға дейін мүдірмей санайтын зерек қызға сандарды үш тілде алмастырып қойып көрдік.
«Бір» десек, «оnе», «семь» десек «seven» деп барлық сұраққа сенімді жауап қатты. Ерке қыз бастапқыда үйренісе алмай жатырқап еді, кейіннен тақпақ айтып, бөбекжайда үйренген өлең шумақтарын оқып берді. Ұстаздарының айтқанын екі етпей орындап жүрген зерек қыз балабақшада өтетін барлық шараларға белсенді қатысады. Сондықтан, үйінің үлкені Айсұлудың болашағына тәрбиешілері үлкен үмітпен қарайды.
– Айсұлу біздің орталыққа келгенде өзінің мінезімен еркшелінді. Басында тұйық секілді көрінді, дегенмен мінезі ашық, сұрақ қойсаң еркін жауап береді. Қандай сайыстар болмасын осы оқушымызды жіберуге тырысамыз. Тез қабылдап, жаттап алатын болғандықтан ән мен би байқауларында, мерекелік кештерде өнерін көрсетіп, көпті тәнті етіп жүр. Өнерден басқа Айсұлу сандарды жетік біледі, әрі сурет салғанды қатты ұнатады, – деді тәрбиешісі Азия Аужарова.
Жоғарғы даярлық сыныбының балалары әлі еркелігін баса алмай жүргенде Айсұлу өнерін шыңдауға асық. Бірінші сыныптағы кей оқушылардың өзі саннан шатасып жүргенде Айсұлуды көріп, елден ерек зеректігіне сүйсіндік.
Балабақша тәрбие мен білім баспалдағы болғандықтан мұндағы әр баланың қимылы тәрбиешілердің жіте назарында.
– Қызым келешегін дәрігерлік саламен байланыстырғанын қалаймын. Әлі бала ғой дегенмен өзі есеп шығаруға, сосын сурет салуға құмар. Барлығы уақыт еншісінде, ең бастысы дені сау болып, халқына адал қызмет атқаратындай тұлға болса болғаны, – деді анасы Эльзира Нәлтай.

   Сөз соңында. Жалпы, әлем елдері қабылетті балаларға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, Англиядағы Итон және Хэрроу мектептеріне баланы 6 жастан беру кешігу деп есептелінеді. Озық ойлы балалар мемлекеттің байлығы екеніне жапондықтар әлдеқашан-ақ назарда ұстап келеді. Ол үшін қыруар қаржыны да аямайды. Ал, Израильде вундеркиндтерді оқытатын арнайы жабық мектептер бар. Әрі ол мемлекеттік құпияға жатады. Сондықтан да ондағы оқу бағдарламасы туралы, оқытушылар туралы мәлімет алу мүмкін емес. АҚШ-та «алтын балаларға» арналған арнайы жүйе жұмыс істейді. Міне, шетелдіктер вундеркиндтерге осылай қарайды. Сондықтан, баланың бойында ерекшелетін қасиет болса, оны дамытуға мән беретін уақыт келді...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
16 қараша 2018 ж. 1 583 0