№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЙЫН АТАНЫҢ ҚАТЫГЕЗДІГІ

ҚАЙЫН АТАНЫҢ ҚАТЫГЕЗДІГІ

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық істер қарайтын ауданаралық мамандандырылған сотында 27 жастағы Ақерке Қозыкешованың өліміне қатысты іс басталды. Семей тұрғынын Оралдағы екі жасар Әлішер есімді ұлын алып кетуге келгенде өлтіріп тастаған деп хабарлайды NUR.KZ
Қылмыстық оқиға 2018 жылдың сегізінші сәуірінде Орал қаласының орталығындағы 14 қабаттық жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әйел денесінің сау тамтығы қалмаған еді. 
"Оның бетінде түрлі ісіктер болды, кеудесіне пышақ сұғылған. Менің қызымды қылқындырған. Денесінің сау тамтығы қалмады. Сот-медициналық мамандар оның барлық қабырғалары сынып кеткенін айтты", - дейді қайтыс болған келіншектің анасы Бибігүл Ермұханова. 
Өлтіргені жайлы кінәні Ақерке Қозыкешованың бұрынғы қайын атасы, 51 жасатғы Асылбек Умаров өз мойнына алды. Алайда, сотта ол жауап беруден бас тартты. 
"Умаров Қозыкешова жалдаған пәтерге таксимен келген. Ол немересін Семейге алып кетеді деп қатты қорықыпты. Ер адам онымен сөйлесуге тырысқан, алайда келіншек шу шығарып, ер адамды балағаттай бастады. 
Пәтер ішінде ол жұдырығымен әйелдің бетінен ұрып жіберіп, жерге құлап қалғаннан кейін аяқ-қолымен оның денесінен, бетінен ұра бастаған. Кейін шортыдан қалған баулармен оны тұншықтырмақ болыпты. Ақыры соңында ас үйден қолына пышақ алып, жүрегіне сұғып жіберген. Ол сол жерде тіл тартпай кетті", - деді прокурор Ержан Иманғалиев. 
Қайтыс болған әйелдің анасы моральдық залал үшін 10 миллион теңге сұратыпты. 
23 шілде 2018 ж. 1 104 0