№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҮНДІСТАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

ҮНДІСТАНДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Карнул қаласының маңында орналасқан гранитті карьерде болған жарылыс салдарынан 12 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі ria.ru порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға күні кеше сағат 19:15 шамасында орын алған. Полицияның болжамынша, карьерге бекітілген динамитті шашкалар Одиша штатынан келген 20 жұмысшы дәл сол карьерде болған кезде жарылған. Сондай-ақ, оқиға орнында жанып жатқан дизельдік автоцистерна табылған. Полиция автомобиль жарылысқа себепші болу мүмкіндігін тексеріп жатыр.
Жарылыс орнына өрт сөндірушілер, полиция мен Апатты жағдай кезінде әрекет етуші ұлттық күш командасы келіп жетті. Полиция әзірше кебір қаза тапқандардың жеке тұлғасын анықтаған жоқ. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккендер денесінің 70% күйік шалған. Жарақаттанғандар Карнул округіндегі мемлекеттік ауруханаларға жеткізілді.


05 тамыз 2018 ж. 1 373 0