№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Педагог мәртебесі» туралы заңға ұсыныс жинау басталды

«Педагог мәртебесі» туралы заңға ұсыныс жинау басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Қарабалаев БАҚ өкілдеріне брифинг беріп, биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жайын баян етті.
  Департамент 10 ай ішінде білім беру ұйымдарына 20 ішінара және 16 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде 20 мекеменің білім саласындағы заң бұзушылықтары бойынша 310 АЕК көлемінде айыппұл салыпты.
   Осы мерзім ішінде «Е-лицензиялау» бағдарламасы бойынша департаментке білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға, қайта рәсімдеуге арналған 154 өтініш түскен. Сондай-ақ білім туралы құжаттарды апостильдеу мемлекеттік қызмет түрін алуға 141 өтініш тіркеліп, 138-і қанағаттандырылған.
Брифинг барысында департамент басшысы Елбасының биылғы Жолдауында білім саласына қатысты айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды. Жолдауда айтылған мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі кадр жетіспеушілігі, мамандардың біліктілік талаптары, тәрбиеші жалақысын қайта қарау мәселесі бойынша жұмыс басталып кеткенін айтты. Жолдауда айтылған «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылдау бойынша еліміз бойынша  ұсыныстарды қабылдау басталғанынан хабардар етті. Мұғалім мәртебесі туралы заңда білім қызметкерлерінен қосымша жүктемелерді азайту, тексеруді де қысқарту және мұғалімдердің еңбекақысы мен біліктілік талаптары бойынша мәселелер қамтылатынын жеткізді.
   Бір айта кетерлігі, енді қабылданатын заңға кез-келген азамат өз ұсынысын білдіре алады. «Мұғалім мәртебесін көтеру үшін ұсыныс болса, білім және ғылым министрлігінің электронды поштасына жолдауға болады. Заң жобасы «www.bilimdinews.kz»  жарияланады» дейді департамент басшысы Е.Қарабалаев.
Білім саласындағы басты назар аударатын мәселінің бірі – бала қауіпсіздігі. Бұл мақсатта аймақ бойынша мектептер 67 пайыз, балабақша 39 пайыз бейнебақылаумен қамтылған.
                                                                                                                                           Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
08 қараша 2018 ж. 1 227 0