№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ZHAS PROJECT»: КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАР КӨКЖИЕГІ

«ZHAS PROJECT»: КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАР КӨКЖИЕГІ


Елбасының жыл сайынғы Жолдауында жастарды қолдауға бағытталған жобаларға басымдық беріліп келеді. Сондай алғышарттардың негізінде 2017 жылы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы құрылған болатын. Бұған дейін бес облыстың жастарына кәсіп ашуға мүмкіндік берген жобаның жыл санап ауқымы кеңейіп келеді. Биыл Қазақстанның алты аймағын қамтыды. Оның ішінде; Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы бар. Жоба аясында грант иелері қайтарымсыз 1000 000 теңгеге ие болады. Бүгінде өңір бойынша ұсынылған жобалар бойынша Жаңақорған ауданы көш бастап тұр. Аудандық жастар ресурстық орталығының аға маманы Нұрхан Айдаровтың айтуынша, 150 жоба ұсынылған. Бірінші кезеңнен 113 жоба өткен. Ендігі нақты соңғы кезең 25-шілде күні анықталады.
– Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыз жүрген жастардың кәсіп ашып, ісін өркендетуге бағытталған. Яғни, жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтып, қоғамдағы орнын табуға дем береді. БұлБілім және ғылым министрлігі мен Халықаралық банктің бірлескен жобасы. Биыл 3000-нан астам қазақстандық жоба ұсынған. Оның ішінде, Қызылорда облысы көш басында. Дәл бүгінгі күні Сыр өңірінен жобаның техникалық іріктеуінен 525 жоба өтіп тұр, – дейді Нұрхан Айдаров.
Ауданнан ұсынылған 150 жобаның 41-і кент орталығынан ұсынылса, қалғаны ауылдық округтен. Қатысушылардың басым бөлігі; тігін курсы, саумал, спорт үйірмелері, компьютерлік қызмет, мәдени-спорттық шаралар, қайырымдылық акциялары, мүмкіндігі шектеулі жандарға саяхат тур ұйымдастыру, ангар ешкісімен емдеу сынды тың жобалар. Жастар маманының сөзінше, қатысушылар қанша жоба ұсынса да шектеу болмаған. Барлығы да электронды форматта өтінім қабылданған. Тек өміршең, креативті, табысты жобалар болса болғаны. Грант бизнес бастаушыға қайтарымсыз беріледі. Бірақ, әлеуметтік жобаның грантын жеңіп алған жастар жарты жыл халыққа тегін қызмет көрсетуі тиіс.
– Жоба төрт компонентті қамтиды. Жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну, жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту, жастардың осал топтарымен жұмыс істеу, тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру. Бағдарлама аясында қатысушылар үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақыларына байланысты жоғары оқу орнының түлектері 60 000 теңге, қалған қатысушылар 40 000 теңге алады, – деді «Жастар ресурстық орталығы» аудандық бөлімінің аға маманы Нұрхан Айдаров.
Тағы бір айта кетерлігі, «Zhas Project» жобасында жастардың осал топтарынан шыққан, яғни тұрмысы төмен отбасы мүшесі мен жоғары білімі жоқ жастарға және нәзік жандылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек басымдық берілген екен. Бұлда болса мемлекет қолдауының айқын ашықтық пен жариялылыққа негізделген көрінісі деп білеміз.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
21 шілде 2018 ж. 1 918 0