Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қары жіліктің шығуы

Қары жіліктің шығуы

 
Балалардың қолынан ұстап әрі-бері көтергенде, адам бір нәрсені қолын тірей жығылғанда қары жіліктің шығуы жиі ұшырап тұрады. Оны салудың әдісі: Алдымен қолды жалаңаштап, сүйектің шыққан жерін сыртынан уқалап отырып, әбден анықтап алуың керек.
Онан соң жаныңа бір шыны суық су құйып, онан бір ұрттап алып,адамның шыққан қолын тартып тұрып, бетіне суық суды бүркіп жібергенде, қолы шыққан адам селк ете түседі  де, сол екпінменг барып, шыққан жілік орнына түсе қалатын болады. Жілік орнына түскен соң дәкемен таңып,шыққан қолды мойынға асып қою керек.  Бір аптада буын бітіп, қалпына келеді.
13 қыркүйек 2018 ж. 1 632 0