№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мүмкіндігі шектеулі жандар робот-официанттарға бақылау жасайды

Мүмкіндігі шектеулі жандар робот-официанттарға бақылау жасайды


Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін заманауи технологиялар толық өмір сүруге ғана емес, түрлі мәселелермен айналысуға мүмкіндік беретін көптеген шешімдерді ұсынады. Бірақ, жапондық әзірлеушілер, 2018 жылдың қараша айының соңында Токио аудандарының бірінде өте ерекше экспериментті бастауды жоспарлап отыр. Олар ашқалы отырған жаңа кафеде қонақтарға робот официанттар қызмет көрсетеді.

Ақасака ауданында ашылатын кафеде тапсырысты роботтар қабылдайды. Роботтар физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдармен бақыланатын болады. OriHime-D екі нұсқада жасалады. Алғашқы модель 21,5 сантиметрді құрайды және салмағы шамамен 600 грамм. Ол ауруға шалдыққан немесе басқа себептерге байланысты мектепке бармайтын оқушыларға мектептер мен университеттерге бару үшін пайдаланылуы мүмкін. Екіншісі – биіктігі 1,2 метр, салмағы 20 кг. Екі модель де бейне және аудио материалдарды Интернетте тасымалдап, операторларға планшеттер, смартфондар немесе компьютерлер арқылы үйден өз қозғалысын басқаруға мүмкіндік береді.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 066 0