Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ОҚУШЫЛАР БҰЗАҚЫЛЫҒЫ БАЯУЛАР ЕМЕС

ОҚУШЫЛАР БҰЗАҚЫЛЫҒЫ БАЯУЛАР ЕМЕС

Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, баллонды ашқан қыз осы мектептің оқушысы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз.  "Оралда №40 орта мектепте белгісіз нәрседен уланған оқушыларға қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде осы мектептің оқушысы бұрышталған баллонды сепкені анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1 бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.  Мұның алдында Оралда 300-ге жуық оқушы белгісіз газдан уланғаннан кейін эвакуацияланғаны хабарланған. Оқу орнынан бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға жеткізілді. 
08 қазан 2018 ж. 1 339 0