» » ӨЗБЕК ЖІГІТТЕРІНІҢ ӘРЕКЕТІ

ӨЗБЕК ЖІГІТТЕРІНІҢ ӘРЕКЕТІ

Өзбекстанда жергілікті базарлардың бірінде саудагерлер ұрлықшы жігітті ұстап алып, оны өздері жазаға тартты.
Оқиға Қарақалпақстанның Беруни ауданында болды. Жоғарыда айтылғандай, ұрыны қолға түсірген саудагерлер құқық қорғау органдарына шағымданбай-ақ оны өздері жазаға тартты. Олар базарда жүрген жас жігітті ұры деп ойлап, оның қолын байлап базардың қақпасына іліп қойды.
Осыдан кейін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі де бұл оқиғаға назар аударды. Баспасөз хабарламасында айтылғандай, бұл жағдай 1 тамызда болған. Белгісіз азамат жас жігітті ұры деп айыптап және оны өз қалауы бойынша жазалауды шешкен. Жәбірленушіні жазалаған азаматқа қатысты «озбырлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары ұрлық жасады деп айыпталған жігіттің ондай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруге уәде етті.
05 тамыз 2018 ж. 944 0