№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАҒЫЗ ЖОМАРТТЫЛЫҚТЫҢ СИПАТЫ

НАҒЫЗ ЖОМАРТТЫЛЫҚТЫҢ СИПАТЫ

Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таииар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды: 

– Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің? 
– Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр. 
– Жарайды, ал өзің не жейсің? 
– Аш жүріп, сабыр сақтаймын. 
Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық екен» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады. 
Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен: 
– Сен қазір одан да жомарт болдың. 
– Сонда Хазіреті Абдуллаһ өкінішке орай мен жомарттылықтан одан оза алмаймын өйткені, ол қолында иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім — деген екен.
01 қазан 2018 ж. 1 403 0