№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: Шетелдік фотограф талқанның дәмін ұнатып қалды

Қазақтар тарымен шай ішуді үйретті: Шетелдік фотограф талқанның дәмін ұнатып қалды


Шетелдік фотограф Майкл Сагатис Қазақстанның бірнеше қаласын аралап, қазақ халқы жайлы жылы әсерлерімен бөлісті деп inform.kz сайтына сілтеме жасаған 
NUR.KZ хабарлайды.

Белгілі фотографтың айтуынша, ол Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларын аралаған.
"Астана құдды бір өзге планетадағы қала істпеттес, себебі, бір түннің ішінде таңғажайып ғимараттар бой көтеруі әбден мүмкін. Сол сияқты елдің батысындағы Ақтөбе қаласында болдым. Ол қалаға баруым тіптен қызық болды. Қалаға жету үшін, «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызға отырып, Қазақстанның Шымкент сияқты қалаларын көрдім.
Ол жақтан өзіме алма, алмұрттан бөлек талқан мен кептірілген жемістер сатып алдым. Ал пойыздағы көршілерім маған сүтті шайға тары мен талқан қосып, шай ішуді үйретті. Дәмі тіл үйіреді, маған қатты ұнады",-деп өз әсерлерімен бөлісті танымал фотограф.
Шетел азаматы, сондай-ақ, еліміздің алуан түрлі ауа температурасы мен табиғатына таңқалған.
«Бір қызығы Шымкентте күн жып-жылы болса, Ақтөбеде қытымыр кыс екен. Қалада аяз күшейіп, жерде қар жатты. Ал Алматы мен Ақтөбе арасындағы жалпақ даланың кеңдігі мен тылсым күшінде шек жоқ, осыншама иен даланы көріп таңқалдым. Адамдардың дүниетанымы мен менталитеті де әрқилы. Қуаныштысы, қазақ халқы бұрынғы кеңес дәуіріндегі құлдық санадан арылып келе жатқан сияқты. Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімім мол»,-дейді шетелдік азамат.
05 ақпан 2018 ж. 1 616 0