№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір тамшы мейірім...

Бір тамшы мейірім...


Құс екеш құс та баласы үшін, өзі кішкентай болса да, күресіп әлек.
Мәселен, тауықты алайық. Өз әліне қарамай, ит шөжесін жеуге ұмтылса бар күш-жігерін салып тұрып, соған қарсы шығады. Қандай ерлік деймін де... Кез-келген адамның қолынан келмес, анадан басқа. Жә, тауық дей бермей өз басымнан өткен бір қызық оқиғаны айтып берейін.  Таң атқаннан "шиқ-шиқ" етіп миды жеп, ұйқы бермейтін қоңыр түсті құс бар емес пе?!
Анамның айтуынша қазақшалап "алағанат" (скворец) дейді екен. Ол құс жүрген жерде қарлығаш болмауға тырысып, аулақ жүреді. Қарлығаш та ана ғой, баласының алағанатқа жем болғанын қаламайды. Сомен не керек, ол құс сондай кекшіл келетіні бар. Баласына тиіссең сені жаттап алып, ақысын алмай қоймайды. Сол құспен болған қызықты оқиғаммен бөлісейін.    Шамамен 6-7 жасармын сол кезде. Бір күні анаммен ілесіп дүкенге барғанмын. Ойымда ештеңе жоқ, дүкеннен шығып, келесі анам кеткен дүкенге бара қалайын дегенмін. Күн шаңқайып, ми қайнайтындай ыстық. Мен жолда бетімді тыжырайтып, күннің ыстығынан жанып келем. Дүкен арасы қатты алыс емес тұғын. Бір кезде тура дәл төбемнен үш-төрт құстың ұшып өтпесі бар ма... Тура төбем емес, шашымның жаны ғой. Топ болып емес, кезек-мезек ұшпасы бар ма?! Жүрегім ұшып кете жаздап қорыққаным-ай. Жап-жақын дүкен алыс болды да қалды. Өмірімде бірінші рет құстар қақтығысына тап болдым. Олай менің күйімді ешкім кешпеген шығар. Шашымды бір-біреуден тартқылап ұшады ғой. Мен бейбақ, құстың баласын тиіскенде қалай шырылдаса, солай шырылдап әлекпін. "Мамалап" жүгіріп дүкенге қалай кіріп кеткенімді білмеймін. Дүкенге кіре сала, мұңымды шағып отырмын. Өзің ешқандай құсқа тиіспесең (мектепте құстарға тиіспеу керек екенін әбден үйреткен ғой) олай құстардың адамға тиерін қайдан білем. Хош, сонымен сол дүкендегі бір апай: "Кеше менің қызым ағаштың төбесінде балапандарға тиісіп жатқан еді" деп қалды. Сөйтсем, ол қыздың шашы қара екен. Тиіскен күннен ертесіне қалаға тайып тұрыпты. Ол кеткен күні сол жерге мен барғанмын... Ал, құсқа өшін алу керек. Ол қыздың мен емес екенін олар қайдан білсін... Сол күннен бастап құсқа үрке қарайтын болдым. Әсіресе алағанаттың даусы құлағыма үрпідей тиеді.  Жалпы айтқым келгені, ананың баласына қаншалықты қамқоршы екендігі. Кіп-кішкентай болса да, үлкен қауіп-қатер төнгенде адуынды алыпқа айналып кетері тамсандырады. Құдай адамды жаратқанда бір тамшы мейірімін анаға дарытқан дейді. "Бір-ақ тамшы ма?" деп қаламыз. Сол бір тамшы қандай үлкен мейірім мен махаббат десеңші. Ана әр кез баланың тілекшісі ғой. Өзінде болмаса да балам ішсін, жесін деп отырады. Ананың мейірімін көп адамның біле бермейтіні жүрегіңді сыздатып жібереді... ТЕК ҚАНА адам баласы емес, Кез келген жаратылыстың бір-біріне деген мейірім, махаббат, қамқор болу түйсігінің мықты екені рас. Осы оқиға осындай дүниелерді терең түсінуіме себеп болды.
Дереккөз: мassaget.kz
12 маусым 2018 ж. 1 788 1

Ұқсас жаңалықтар:

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 10:36
Where To Purchase Diflucan http://kamxl.com Line Cialis Comprare Farmacia Amoxicillin For Sale