№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КІТАП – ҚАЗЫНА, КІТАП – БАЙЛЫҚ…

КІТАП – ҚАЗЫНА, КІТАП – БАЙЛЫҚ…

Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон: «Кітап – заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі», депті. Ал, педагогі-гуманист, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский: «Кітап – ақылға қуат беретін құрал», дейді. Бұдан артық кітаптың құндылығы жайлы не айтуға болады? Расында, бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырар рухани өсиеті мен аманатын, ақыл-кеңесін кітаптан табуға болады. Ғылымның да, білімнің де қайнары кітапта. Солай бола тұра, кітапхананы рухани қазынасына балайтындар азайды. Бірақ, халықты кітапқа қызықтыра білуіміз тиіс. Аудандық кітапхана рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Түнгі кітапхана» жобасын ұсынбақ. Бұл жайында құтхананың басшысы Әсемгүл Тілеубергеновадан білдік.
– 3-мамырда «Кітапхана – алтын қазына» атты ашық есік күні өткізіледі. Мақсат кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп, жаңаша бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге шақыру, – деді Әсем Манапқызы.
Кітапханашының сөзінше, бүгінде мемлекеттік қызметшілер, мектеп ұстаздары және балабақша тәрбиешілері күнұзақ жұмыста болады. Көбіне шығармашылық дайындық жұмыстарын кешкісін жасайды. Міне, мұндай уақытта кітапхана ашық тұрса, олардың кәсіби біліктілігін арттыруына жақсы мүмкіндік.
– Кітаптан ажыраған ұлт – өркениеттен алыстайды. Бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс бастауын кітаптан алады, – дейді ол.
Расында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. «Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі», деді. Ал, Хакім Абай: «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге», деп кітап оқудың маңызын мензейді. Кемеңгер жазушы Мұхаң (М.Әуезов): «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады», деп кітап оқудың маңызын түйіндейді.
Олай болса, аудандық кітапхананың бастамасын қолдап, жастардың кітаппен достасуына жағдай жасаған жөн...
Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
01 мамыр 2018 ж. 2 610 0