№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » TREND TYNYSY: ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТКЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

TREND TYNYSY: ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТКЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ХХ ғасырда адамзаттың өмір сүру дағдысын компьютерлік прог­ресс өзгертті. Оған интернет жүйесі қосылды. Айшылық жерлерді жер және әуе көлігімен бағындыруды игердік. Ғарыш ғаламатын зерттеуге мүмкіндік алдық. Түптеп келгенде, мұның бәрі адамзаттың қарқынды дамуына әкелді.
ХХІ ғасырда бағдарын өзгертетін технологиялар шыға бастады. Бұл – әлемнің көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқанының айғағы. Мәселен, жүргізушісі жоқ автомобильдер жол-көлік оқиғасын болдырмаудың амалы ретінде қарастырылуда. Ал, дәрігер-роботтар адам саулығыныңарашасына айналатыны айтылып жүр. Адам ағзаларын ЗD-принтинг арқылы жасап шығаруда күн тәртібінде тұр. Дәл осы тұста, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 3D-пиртингті дамытуға тапсырма берген болатын. Яғни, Елбасы цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияны өркендету – бұл маңызды кешенді міндет екенін айрықша атады. Бұл қазіргі күннің өзінде дамыған мемлекеттерде аталмыш құрылымдар экономиканың бір бөлшегіне айналғаны белгілі. Иә, цифрландыру – жаһандық тренд. Озық технологиялардың тілін меңгеру арқылы ғана дамыған отыз елдің қатарына ене аламыз. Бүгінгі тақырыпта әлемді өзгерткен 5 үздік технология тынысына тоқталмақпыз.
Бірінші, жақын 20 жылдықта біз қаласақ та, қаламасақ та, әлем көптеген өзгеріске ұшырайды. Жаһанға танымал эксперттер осындай пікірде, өйткені көп жұмыс автоматтандырылған роботтарға жүктеледі. Жасанды интеллектке ие құлтемірлер адамды жұмыссыз қалдырмайтынына кім кепіл? Мәселен, біз әлі қонақ үй бизнесін қалай дамытамыз, қайтсек инвесторды қызықтырамыз деп ойланып жүргенде аспан асты елінде қызметкерлері жоқ қонақ үй ашылды. Қытайдың Чэнду қаласында «Smart LYZ» деп аталатын мейманханада тек қана роботтар жұмыс жасайды. Қонақ үйге келген мәртебелі меймандардың жүзін сканерлейтін робот күтіп алып, бөлмесіне жайғастырады. Тағам мен такси қызметіне тапсырыс беру, өзге де қажетті қзыметтер арнайы бағдарламаланған құлтемірлер тарапынан орындалады. Ал егер күтпеген жерден оқыс оқиға орын алса, демалушылардың денсаулығына байланысты мәселе туындаса роботтарда адамдармен байланыс қызметі іске қосылады. Міне, осындай озық технологияны игілігіне икемдеген қытай кәсіпкерлері ғалымдармен байланысты үзбей, 2018 жылдың соңына дейін тағы да роботтандырылған 50 қонақ үй ашуды жоспарлауда.
Екінші,  ұшатын көлік. Ертеде ұшақ болмаған уақытта ұшатын кілем туралы ертегі айтылды. Иә, күн санап сандық технологияның дамығаны сонша, бұрнағы қиял-ғажайып қиссалар ақырындап ақиқатқа айнала бастады.  «Terrafugia» компаниясы өзінің ««Terrafugia Transition» ұшатын көлігін қашан сатылымға шығаратынын мәлімдеді. Қанаты жиналмалы авто-ұшақ 2019 жылдың басында сатылымға шығады деп күтілуде. Бағасыда қомақты. 330 мың доллар. Авто-ұшақтың әуедегі жылдамдығы сағатына 161 шақырымды құрайды. Ең ұзақ ұшу қашықтығы – 644 шақырым. Ал жерге түскенде бұл көлік сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүреді. Ұшатын көлік газ-электр қозғалтқышымен қозғалады және «Boost» функциясымен жабдықталған. Аталмыш жүйе қозғалтқыштың қуатын қысқа уақыт ішінде арттыра алады. Сонымен қатар, онда 4 қауіпсіздік жастығы және парашютпен қамтылған.
Үшінші, жақын келешекте адам ағзаларын ЗD-принтинг арқылы жасап шығарады.  Бұл не құрылғы? Ол сандық үш өлшемді модельді пайдалана отырып, қабаттап шығарады. Яғни, компьютердегі үш өлшемдік суреті бар файлдарды қабылдап, пластик, смола, керамика, металл, тағы да басқа материал қабаттарын бір-бірінің үстіне жинап, тауар жасап шығарады. Инженерлер мен дизайнерлер автоматтандыру мен ғарыш саласында түпнұсқаны жасау үшін осы технологияны ұзақ жылдардан бері қолданып келеді.
Сондай-ақ мамандар медицина саласында титаннан жамбас сүйектің көшірмесін және керамикадан тіс протездерін жасау үшін үш өлшемді кескінді пайдалануда. Оған қоса, күн сайын донор іздеп, соңғы үмітімен өмір сүріп жатқан жандар қаншама? Қарыштап дамыған ғылым бұл мәселені де жақын уақытта шешетін секілді. ЗD-баспасы арқылы зертханаларда адам ағзаларын өсіру технлогиясы арқылы науқасқа қажетті кез-келген органды дайындап береді. Олар ағзаның спецификасына лайықталып, дәлме-дәл көшірме ретінде жасалады. Бұл өз кезегінде донор жетіспеушілігіне байланысты өлім көрсеткішін айтарлықтай төмендетпек.
Төртінші, жасанды ет. Аты айтып тұрғандай, қолдан жасалған ет. Біз өзі етке құмар халық едік, енді келешегі бұл инновациялық жоба Қазақстанда да жүзеге асуы бек мүмкін. Сонымен голландық мамандарға лабороторияда өндірілген етті өндіріске шығару үшін 10 млн доллар қаржы аударылды. Енді олар гамбургер жасау үшін жасанды сиыр етін шығаруды өндіріске енгізбек. Ет 2021 жылдан бастап нарыққа шығады деп күтілуде. Әуелі мейманханалар жүйесі пайдаланады. Жасалу құрылымына келсек. Сиырдың бұлшықет тінінен діңгек жасушаларын жинау арқылы жасалады. Содан кейін қалпына келтіру қабілеті бар жасушалар қоректік заттармен ерітіндіде егіледі. Алғаш мұндай етті ғарышкерлер үшін жасалған. Кейіннен сұраныс түсе бастағандықтан нарыққа шыққалы жатыр.
Бесінші, адамдарды аугментациялау. Бұл дегеніміз биноника. Яғни, бұл кибернитиканың бір бөлімі адам ағзасының инженер-техникалық тапсырмаларды шешуге қарай икемдеп келеді. Мәселен, бейнебақылаулардың көзге жасалған имплантациясы, жоғары секіру, жылдам жүгіру қабілеттілігі немесе электронды құрылғыларды санамыз арқылы басқару – мұның бәрі адам мен машина арасындағы байланысты бекемдеп, басқару жүйесін шынайы ету. Осылайша ашылып жатқан жаңа технологиялық мүмкіндіктер арқылы біз бұған дейін ести алмаған дыбыстарды, сезіне алмаған сәттерге қол жеткізе аламыз. Мұның бәрі жасанды интеллектің бір көрінісі ғана. Мұнан өзге әлемді өзгертерлік тың трендтер мен жеделдетілген технологиялар жетерлік.
Түйінсөз. Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – сандық технологияны жаңғырту. Бұл дегеніміз – Қазақстанда алдағы уақытта ғылыми технология дамып, инновациялық игіліктер кең қанат жаюы тиіс. Оған қоса, құнды құжатта адами капитал сапасын арттыру назарға алынған. Мұның бәрі түптеп келгенде, егеменді елдің бәсекеге қабілетті отыз озық елдің қатарына енуіне даңғыл жол ашады. Білім мен ғылым, инновация дамыған жерде ілкімді істердің алға қадам басатыны белгілі. Сол үшінде бағдарламалық құжатта айтылған ІТ-технология саласын бүгінгі заман жастар меңгеруге барын салуы тиіс. Себебі, бұл – заман талабы. Осылайша қазақ жастары интернетті игілігіне икемдеп, инновацияның мол мүмкіндігін меңгеріп, Қазақ елінің қарыштап дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Тек белсенділік танытып, заманауи ілімнің заңғар шыңына шығуға мақсат қойса болғаны. Сонда ғана, қуатты Қазақстанның сандық технологиясы отандық ғылымның өрісін кеңейтуге тынысын ашады.
Әбдісамат ӘБДІШ.
15 тамыз 2018 ж. 2 065 0