Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бала қуанса – әлем жадырайды

Бала қуанса – әлем жадырайды


«Жаз жайнатып күн күлдірген» бөбектерге барынша жағдай қалыптастыру бүгінде бөбек жайлардың да басты мақсатына айналып отыр. Аудан орталығындағы «Алпамыс» саноторлық бөбекжайы мантуы іскен немесе отбасында өкпе ауруынан есепке тұратын тұлға болған жағдайда бүлдіршіндерді науқастан оқшаулау мақсатында жыл көлемінде тәуліктік жұмыс жасайды.
Балаларды бақшаға бейімдеуде үйдегіден кем емес күтім мен мейірім қажет екені даусыз. Өз алдына ой сергітетін, бой өсіріп, білімге бастайтын арнайы бағдарламамыз бар.
Жаз айы – балалармен табиғат аясында серуендеп, дене шынықтыруға қолайлы кезең. Осыны ұтымды пайдалана білген тәрбиешілеріміз Набат Жақанова, Ботакөз Оспанова балабақшадағы «Дарын» және «Балдырған» тобын сапқа тұрғызып, орталықтағы саябаққа алып келді. Алдымен саябақ жанындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайын аралатып, өрендер өлке шежіресінен сыр шертетін фотокөрмелерді тамашалады. Мұражай қызметкерлері бала ұғымына сай ажарлы тілмен жағалай қойылған көне жәдігерлермен таныстырды. Бөбекжайдың денешынықтыру маманы Орынкүл Иманбердиева бұларды саябақта серуендетіп, туған жердің табиғаты туралы таным- түсінігін арттырды.
Маржан Рысова,
балабақша әдіскері міндетін атқарушы.
11 тамыз 2018 ж. 923 0