ЖАЙДАРЫ ЖАЗДЫҢ ҚЫЗЫҒЫ
Жаздың жаймашуақ күні де келіп жетті. Мектеп оқушылары асыға күткен жазғы демалыста жүр. Бірі ауылдағы ата-әжесіне сапарласа, енді бірі тынығу лагерьлерінде қызықты күндерін өткізуде. Ендігі кезекте, шілденің шіліңгір ыстығы қайнап тұрған уақыт. Осы кезеңде балабақшадағы балалар қалай тынығу қажет? Жазғы сауықтыру шараларына не жатады? Баланың көңіл-күйін көтеру үшін балабақша ұжымы қалай әсер етеді? Міне осы сұрақтарға жауап беруді жөн көрдік.
Жазғы мезгілде балалар таза ауадағы ойындарды жақсы көреді. Біз балабақшаға бала қабылдап алғаннан кейін, таңғы асқа дейін көлеңкеде түрлі дене қимылдары мен жаттығуларды жасаймыз. Әрі қызықты ойындарды ойнатамыз. Осыдан кейін балалардың көңіл-күйлері көтеріледі және эмоционалдық жайлылық қамтылады.
Жазғы сауықтыру шарасы жоспар бойынша әр айда әртүрлі тақырыпта өрбиді. Мәселен, мамыр айында бекітілген балабақша жоспарына сәйкес жазғы ойын-сауық іс шаралары денсаулыққа қолайлы күндерді пайдаланып, әр баланың денсаулығын шынықтыруға, мерекелік және тәрбиелік шаралар өткізілді. Шілде айында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған ертеңгілік өткіздік. Спорттық ойындар ұйымдастырып, балалардың сабаққа деген белсенділігін арттырдық. Аудандық тарихи-өлкетану музейіне, орталық саябаққа саяхат ұйымдастыруды жоспарладық. Ондағы мақсат таза ауамен демалу, әрі туған жер туралы түсінігін кеңейтіп, өлкеге деген патриоттық сезімін ояту.
Ең бастысы, баланың жеке басының тазалығы мен гигиеналық талаптарға аса мән беріледі. Мәдени машықтарын жетілдіріп, дене шынықтыруға қызығушылық, денсаулық және салауатты өмір салтына ынтасын жоғарылатады. Серуендеу кезінде балалар күн сәулесі мен таза ауа қабылдайды. Балаға тиісті жазғы сауықтыру шараларын жасау үшін балабақшада арнайы құралдар бар. Топ бөлмесінің бір бұрышында спорт ойындарының құралдары қойылған. Доп, секірмек, массаж кілемшесі, шахмат тақтасы, тоғызқұмалақ панелі, және тағы басқа да құралдар арқылы балалармен сергіту сағаттарын өткізудеміз. Бұдан дене дамуы жүзеге асырылады, бала ағзасының төзімділігі дамиды.
Қызықты мультфильмдерді көру балалардың ой және тілдік белсенділігінің дамуына ықпал етеді. Тіл сындыру бағында тақпақтар, жұмбақтар, мақалдар, санамақтар баланы рухани байытатын халықтық салт-дәстүрлер жоспарға енгізілген.
Гүлмира НӘБИЕВА,
«Бөбек Арай» балабақша меңгерушісі.