Соңғы жаңалықтар

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ойын ой өсіреді

Ойын ой өсіреді


№21 «Аққайың» балабақшасында әдіскер С. Бейсенованың ұйымдастыруымен балабақшадағы ойын түрлері және ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шарада сабаққа қажетті көрнекіліктерден көрме көрсетілді. «Ойын ой өсіреді» тақырыбында тәрбиеші М.Тоқбердиеваның баяндамасы тыңдалды. Топ тәрбиешілері С.Сейсенова, Ж.Еспенбетовалар ұлттық ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдаланып, балалардың ойынға деген қызығушылықтарын жеткізе білді. Ұлттық ойындар ішінде хан талапай, асық ату, ғажайып қоржын, соқыр теке т.б ойындар баланың дұрыс қалыптасуына септігі зор екені айтылды. «Асықты асық деме, салмағы болса сақа болар,баланы бала деме ақылы, білімі болса аға болар» дегендей біздің ұжым балаларды білімділікке шабыттылыққа, тәртіпті болуға, кішіні ренжітпей, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеп үйретуде балапандардың ой өрісін дамытуға, денесін шынықтыруға, өнерлі болуына баса назар аударады.
Рауа Құдайбергенова.
17 сәуір 2018 ж. 1 754 0