№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАҒЫТЫ АЙҚЫН БАЛАБАҚША

БАҒЫТЫ АЙҚЫН БАЛАБАҚША

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар». Халық даналығының бүгінгі әлемдік бәсекеде бәсі мықты ұрпақ қалыптастырудың басты қағидасына айналғандығы талассыз ақиқат. Өркениет бәсекесін өрістету жолында жарты ғасырлық тарихы бар «Меруерт» бөбекжай-балабақшасының болашақ жолындағы жауапкершілік жүгі аз емес. Елдің ертеңі үшін зор міндетті межелеген білім беру ұйымының тәрбие беру мақсатында атқарып жатқан жұмысымен танысып, үздік оқу базасын көзбен көріп қайттық.
1972 жылы №2 «Балдырған» балабақшасы болып ашылған тәрбие ошағы 1998 жылы «Меруерт» бөбекжай балабақшасы болып құрылды. Тоқырау жылдарына төтеп беріп, тәлім-тәрбие беру ісін бір уақыт үзген емес. Сондықтан болар мұнда тәрбие беру ісінің озық үлгісі қалыптасты. Балабақшаның тарихын тарқатқан балабақша меңгерушісі Айзада Сақтағанова
– Тәуелсіздігіміздің тұғырына, елдігіміздің айбарына сай болу балабақша ұжымының басты міндеті. Бұл мемлекет басшысының біздің алдымызға қойып отырған басты талабы. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», деп атап көрсеткен болатын. Осыдан-ақ болашақтағы бәсекелестік кілті –білімді азаматтардың қолында айқын аңғарылады. Біздің жұмысымыздың басты бағдары да осы талап биігінен көріну, – деді.
Балабақша ұжымында 11 педагогтар мен арнайы мамандар қызмет етуде. Олардың бірі жоғары санатты, үшеуі екінші санаттағы білікті мамандар. Жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сай балабақшада ерекше шара жасылып жатқанда үстінен түстік. «Айналайын» тобының бүлдіршіндері жүзу бассейіне аптасына екі рет түседі. Сейсенбі және бейсенбі күні бекітілген жоспарға сай әр балаға 10 минуттан кем емес суда терапиялық жаттығулар жасалады. Топ тәрбиешісі Жауһар Ысқақова: «Су терапиясы балалардың сергуіне әсері мол. Суда жасалатын жаттығулар адам бойында қан айналымын жасқсартып қана қоймай, әсем дене мүсінін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрі баланың бойы өседі», – дейді тәрбиеші.
Балалар еркін суда жаттығу жасау үшін арнайы киімдер, қалқыма балондар, көзілдірік және аяқ киім беріледі. Бүдіршіндер өзінің есімі жазылған сөредегі киімді және сүлгіні пайдаланады. Бұл жеке басының гигиенасын сақтауға бағытталған. Жүзу бассейіні жерге қазылып салынған. Әрі жел мен күннен сақтау үшін жан-жағы жабылған. Баланың жас ерекшелігіне сай судың тереңдігі өлшенген. Бүлдіршіндер су бассейіне түскенді қатты ұнатады.
Шарада бүлдіршіндердің ата-анасы Айнұр Болатбекова:
– Баланы балабақшаға берерде көп ойландым. Ұзақ уақыт бойы көңілімдегі балабақшаны таба алмадым. Іздестіре келе осы балабақша ұнады. Мұнда балаға қажетті дүниенің бәрі бар. Бала оқиды, әрі заман талабына сай тәрбиеленеді, – деді.
Ата-аналар тәрбиеші Жауһар Ысқақованың оқу -сауықтыру шарасынанда ертегі терапиясын, құм терапиясын және су терапиясын көп қолданатынан хабардар. Балабақшаның оқыту жоспарында тәрбие берудің озық технологиясы қалыптасқан. Тәрбиеші өзі ісін меңгерген, сауатты екенін аңғартты. Оқу-тәрбие үдерісінде талап терең, бағыты айқын балабақша білім бәсекесінде бәсі биік. Мұны аудандық бүлдіршіндер мен тәрбиешілер байқауынан алған жүлдері айғақтайды. Балабақша жетістіктері жайлы балабақшада арнайы қабырға ілінген. Меңгеруші Айзада Сақтанованың Елбасымен түскен суреттері, Сара Алпысқызымен түскен суреттері ұжым басшысының биіктігін байқататындай. Аудан әкімінің алғыс хаттары, білім бөлімінің құттықтау хаттары, бүлдіршіндердің жүлделерінен көз сүрінеді.
Еліміздің саясатына сай үш тілде сабақ жүргізетін балабақшада бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, санаулы сәтте жүйелі жұмыстың тынысын сезіндік.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
11 тамыз 2018 ж. 1 503 0