САПАЛЫ БІЛІМ – БӘСЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын күшейту қажеттігін айтты. Осы ұстаныммен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайластық жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов ауданға келді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында өткен шараға сыбайластық жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ мүшелері мен білім саласының басшылары қатысты.
Басқосуда Абзал Сансызбайұлы жоғары оқу орнына қабылдау емтиханының әділ өтуін қадағалайтынын айтты. Әрі талапкерлерді қабылдауда олқылық болмауын ескертті.
– Стратегиялық Жолдауда Мемлекет басшысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекет дамуының бағытын айқындады. Негізінде цифрлық технология барлық саланың қарқынды легіне серпіліс береді. Қоғам цифрлы технологияға аяқ басты. Демек, мемлекетке заманауи мамандықтар қажет. Сондықтан, өңірдегі барлық жоғары білім беру ұйымдарының кадр дайындау мәселесін қайта қарап шығу қажет-ақ. Аудандағы аграрлы-техникалық колледжі өңірге қажетті мамандықтар дайындауға қауқарлы. Дегенмен, бәсекелестік пен технолологиялық базаны кеңейту қажет. Себебі, облыста деңгейлес колледждер көп. Олардың заман талабына сай әрекет еткендері ғана өміршең болмақ, – деді Абзал Мұхимов.
Департамент басшысы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде осы мерзімге дейін мемлекеттік емтихан кезінде ешқандай мәселе болмағанын жеткізді. Дегенмен, бір адамның бірнеше мамандықта оқып, өзгелердің тиісті мамандығын алуына кедергі келтіріп жүргенін сынға алды. Бұл жағдай облыстың барлық колледжінде кездеседі екен. Сонда, шәкіртақыға ғана оқып жүр ме? Жастық шағын текке өткізіп, мемлекет қаржысын шашқанан не ұтады? Осы мәселемен түбегейлі айналысу керектігін айтқан Абзал Сансызбайұлы колледж директоры Мадияр Ахметовке құжат қабылдау кезінде осындай олқылықтың болмауын жеткізді.
– Әрине, Заң бойынша бір адамның бірнеше мамандық алуына жағдай жасалған. Сол себепті, нақты іске көше алмаймыз. Бұған мемлекет тарапынан қандай да бір тосқауыл қажет, – деді колледж директоры.
Колледжге оқуға ниеттілердің құжатын қабылдау маусым айынан басталған. Ал мемлекеттік емтихан 15-25 тамызға дейін жалғасады. Талапкерлердің көбі әлеуметтік жағдайы айқындалған отбасының балалары екені даусыз. Яғни, жүрек қалауымен оқуға келгендерге қарағанда әлеуметтік жағдаймен оқуға келгендердің үлесі басым. Колледж де 13 мамандықтың 5-еуіне мемлекеттік грант бөлінеді. Әлеуметтік жағдайына байланысты жәрдемақылар қосылып, 33 мың теңге көлемінде шәкіртақы алып жүргендердің қарасы көп. Осыны айтқан аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Оспанов:
– Биыл жылдағыға қарағанда біздің ауданға грант саны аз бөлінгелі отыр. Осы уақытқа дейін нақты қай мамандыққа қанша орын барын біле алмай отырмыз. Бұл грант бөлу ісін кешіктіруде, – деді.
Өз кезегінде департамент басшысы Абзал Мұхимов мемлекеттік емтихан кезінде парақорлық пен сыбайластық көріністеріне жол берілмеуін, тест бланкілерінің мұқият тексерілуін, емтихан қабылдаушылардың іс-әрекетінің бақылануын қадағалауды аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелеріне тапсырды. Басқосу барысында аудандық арнайы мониторингтік топ төрайымы Әзия Қыстаубаева:
– Халық мұң-мұқтажына құлақ түріп, аудандағы бірнеше мекемелерге бақылау жүргіздік. Биыл жыл басынан бері ХҚКО, Ішкі Істер бөлімі, Темір жол әкімшілігінің тынысымен таныстық. Жинақтаған ақпараттарды тиісті орынға жөнелттік. Алдағы уақытта топ мүшелерімен бірлесіп, сапалы жұмыс атқаруды жалғастыру береміз, – деді.
Сондай-ақ басқосу соңында аудандық арнйы мониторингтік топ мүшелеріне куәлік табысталып, ол арқылы кез-келген мекемеге емін-еркін кіруіне мүмкіндік болатыны белгілі болды. Бұлдаөз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы нәтижелі жұмысқа бастайтыны айқын.
Мақпал ПАТЕНОВА.