Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӨКНАРШЫЛАР ҰСТАЛУДА

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӨКНАРШЫЛАР ҰСТАЛУДА

Жамбыл облысында «Көкнар-2018» шұғыл-профилактикалық шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын 40 кг марихуанамен ұсталды

«Меркі ауданы құмды аймағының 23-шақырымында Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 38 жастағы азаматты ұстады. Бұрын сотталмаған. Осы ауданның тұрғыны. Ұсталған азаматтан үш қап - барлығы 38,8 кг марихуана тәркіленді», - деп хабарлады полиция.

Ұсталған адам қылмысын мойындады және Меркі ауданы ІІБ уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
05 тамыз 2018 ж. 1 441 0