№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Астанада «Түнгі сот» жұмысын бастады

Астанада «Түнгі сот» жұмысын бастады

 
 5 маусымнан бастап Астана қаласының мамандандырылыған ауданаралық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық соттың баспасөз қызметінде «Түнгі сотта» кешкі 18 сағат 30 минуттан бастап түнгі 22.00-ге дейін жол-көлік ережесін бұзуға қатысты әкімшілік істер қарастырылатынын хабарлады.
«Алғашқы күні ҚР ӘҚК 601-бабының 1 бөлігіне сәйкес (Жол белгілерінде көрсетілген талаптарды немесе жолдың жүру бөлігіндегі белгіні сақтамау салдарынан көліктердің бұзылуы»)13 материал қарастырылды. Кеше 16 іс талқыға салынды. Екі күн ішінде жалпы 26 әкімшілік іс қаралып үлгерді», -деді баспасөз қызметінің өкілдері.
«Түнгі сот» жобасының ережелеріне сәйкес, жол-көлік оқиғасы қатысушылары келісімімен жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде құзырлы орган қызметкері әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сотқа мерзімі көрсетілген (жол-көлік оқиғасы орын алған уақыттан 3 тәуліктен аспауы тиіс) шақырту алу туралы талон толтырады.
Егер жол апатының қатысушысы кінәсін мойындамай, прокурордың, қорғаушының, аудармашының, сарапшының, маманның немесе басқа да мүдделі тұлғалардың араласуы керек болса және қосымша дәлелдерді ұсыну мен зерттеуді қажет еткен жағдайда судья сот отырысының қарауын кейінге қалдырады.
«Түнгі сот» пилоттық жобасының аясында Астана қалалық соты мен Ішкі істер департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум азаматтарды ыңғайлы уақытта құқықтарымен және тиімді әкімшілік сот ісін жүргізумен қамтамасыз ету туралы тараптардың ынтымақтастық аясын белгілейді.
 
 
07 маусым 2018 ж. 988 0