№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » АЛМАТЫНЫҢ ЕҢ ҚАУІПТІ АУДАНЫ ҚАЙСЫ?

АЛМАТЫНЫҢ ЕҢ ҚАУІПТІ АУДАНЫ ҚАЙСЫ?


Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында жыл басынан бері 33,5 мың құқықбұзушылық орын алған. Бұл туралы  Бас прокуратураның арнайы есеп және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің мамандары мәлім етті. Сонымен Алматының ең қылмысты, сонымен қатар,  қауіпсіз аймағы қайсы?

Жұртшылықтың қаперінде жүргені жақсы, мамандардың айтуына қарағанда, Алматының ең қауіпті ауданы ретінде оның орталық бөлігі саналады екен. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері Алмалы ауданында 7604 қылмыстық оқиға тіркелген. Онан кейінгі орында Әуезов ауданында тұр. Бұл аймақта соңғы алты айда 5565 заң бұзушылық орын алған. Бұдан Бостандық ауданы да қалысар емес, бұл аймақта соңғы жарты жылда 5245 қылмыстық оқиғалар орын алған. Айта кететін бір жайт, орын алған қылмыстық оқиғалардың ішіне кісі мүлкін тонау, қарақшылық, ұрлық және тағы басқа әрекеттер кіреді.
Статистика комитеті мамандары атап өткендей, Алматы қаласының ішінде ең қауіпсіз аудан ретінде Наурызбай ауданы саналады екен. 2018 жылдың алты айында аталған ауданда 1000-нан аса әртүрлі құқықбұзушылық орын алған. Мұның да себебі бар шығар. Өйткені бұл ауданда негізінен жеке үйлер, сонымен қатар, олардың барлығы дабыл жүйесімен және  қауіпсіздік шараларымен, тағы басқа қызмет түрлерімен қамтамасыз етілген.
Ал республика бойынша  қылмыстық оқиғаларымен аты шыққан аймақ ретінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары аталады екен. Одан кейінгі орында Астана мен Алматы қаласы екенін айта кеткен жөн.
Еркін ҚАЛДАН. Айқын газеті.
24 шілде 2018 ж. 778 0