№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» Алматыда алапат өрт болды

Алматыда алапат өрт болды


Алматы қаласының КамАЗ орталығында өрт шығып, дөнер сататын сауда орны өртке оранды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.

«Алматы қаласында сағат 06:06 кезінде ТЖД-ның «101» пультіне Жетісу ауданы, Геологтар көшесіндегі №1Б ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Бірінші өрт сөндірушілер оқиға болған жерге сағат 06:14 шамасында келді. Нәтижесінде алдымен дөнер сататын орын өртеніп, кейін қызыл жалынның «Достар» атты мейрамханаға ұласқаны белгілі болды», - деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт сағат 06:56-да сөндіріліп, сағат 07:15-те толықтай ауыздықталды. Өрт 70 шаршы метр аумақты қамтыды. ТЖД мәліметіне сәйкес, құрбандар мен жапа шеккендер жоқ.
---
26 сәуір 2018 ж. 1 668 0