ТАҒЫ БІР ЖАС ҚЫРШЫННАН ҚИЫЛДЫ
"Лада" порталы хабарлауы бойынша Ақтауда пышақ жарақатын алған Ақтөбе КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаев қайтыс болды.
Қайғылы оқиға 21 шілде күні алтыншы ықшамаудандағы мекемелердің бірінің жанында шамамен 03:30 болған.
"Түнде екі аяғынан да пышақ жарақатын алған ер адам өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бір аяғының күретамыры мен жоғары көктамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде ота жасалынғаннан кейін, жансақтау бөліміне ауыстырылды", - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын марқұмның достары айтып берді.
"Түнде бардың маңында жанжал болды. Данияр шетте тұрғанымен олардың бірі оның аяғына пышақ сұғып алды. Оны ауруханаға жеткізгенімен дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Ол көп қан жоғалтқан", - деп хабардар етті әзілкештің досы.
Марқұм Данияр Әлімбаевтің артында 4 баласы қалды.
Маңғыстау ІІД-нің баспасөз қызметінң хабарлауынша, марқұмның өліміне күдіктілер ұсталған.
Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалған.