№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » WhatsApp-та балағаттасқан қарағандылық ата-аналар сотта кездесті

WhatsApp-та балағаттасқан қарағандылық ата-аналар сотта кездесті


Қарағанды қалалық соты WhatsApp мессенджерінде сөйлескен ата-аналардың бірі екіншісін балағаттаған іске қатысты үкім шығарды. Сотта айыпталушы Т9 мәтіндік редактор болған жағдайға себеп болғанын, соның кесірінен «единственная» деген сөз балағат сөзге айналып кеткенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушының анасы басқа ата-ананың арызы бойынша сот алдында жауап берді. Іс материалдарына сәйкес, олардың балалары №45 гимназияда екінші сыныпта оқиды. Екі ата-ана да WhatsApp мессенждеріндегі ата-аналар тобында болған.
Бұл жағдай 2018 жылы қаңтар айының ортасында болған. Сол кезде аяз түсуіне байланысты сабақ болмауына қатысты сұрақ туындаған. Ата-аналардың бірі сынып жетекшіге қалай болғанда да сабақ өткізуі керек екенін жазған. Педагог мектепке сыныптағы оқушылардың бәрі келген жағдайда сабақ өткізетінін айтқан.
Оқушының анасы ата-аналар тобында осы мәселені көтереді. Айыпталушы оған жауап ретінде былапыт сөз жазып жіберген. Ол жазған хабарламаны бірден өшіріп, топта кешірім сұраған. Алайда зәбір көрген әйел жазылған хабарламаны скриншоттап үлгерген.
Сотта айыпталушы әйел болған жағдайға Т9 мәтіндік редактор себеп болғанын, ол «единственная» деген сөзді өзгертіп жібергенін айтты. Сот оның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық тапқан жоқ, сондықтан ол ата-ананы кінәсіз деп тауып, ақтап алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
13 сәуір 2018 ж. 1 213 0