№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ДӘРІГЕР

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ДӘРІГЕР

Соңғы жылдары өндірістің, өңдеудің, қызмет көрсету саласының барлық деңгейінде делік, цифрландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл процесс, сөз жоқ денсаулық сақтау саласын да айналып өткен жоқ. Тіпті, медицинадағы цифрландыру өзге салаларға қарағанда әлдеқайда ертерек басталған болатын. Бұл өз кезегінде саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қызмет көрсету сапасына серпін берері сөзсіз.
Осы тұста, аудан орталығындағы «Жаңақорған шипажайы» АҚ республикаға сапалы қызмет көрсетіп отырған сауықтыру кешені мамандары да жиі біліктілігін арттырып, заманауи аппараттарды басқарудың тың тетігін үйреніп алған. Міне, осындай озық технологияны меңгерген білікті дәрігердің бірі – Жақсылық Абдуллаев.
Жастайынан денсаулық сақшысы болуды армандаған Жақсылық Есентайұлы Қыркеңсе ауылының тумасы. Мектепті тәмамдағаннан кейін, арман қуып Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясына «терапевт» мамандығына оқуға түседі. Оқуын ойдағыдай аяқтағаннан кейін, «Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөзді ұстанған жас дәрігер «Жаңақорған шипажайы» АҚ-на жұмысқа орналасады. Қашанда дертіне шипа іздеген ағайынның қасынан табылады. Иә, кіндік қаны тамған жеріне, туған еліне қызмет ету – кез келген жанның перзенттік парызы. Әркімнің жүрегінде берік ұстанған мақсаты болады.Осы мақсат үдесінен шыға білген Жақсылықты бүгінде әріптестері мақтан тұтады.
– Жалпы, кез-келген мамандық иесі өзінің сапалы қызметін жұртқа ұсынғанда ғана жарыққа шығады. Адам денсаулығына тікелей жауапты болғандықтан әр ем алушыға аса мән береміз. Бастысы – олардың осы жерден сауығып шығуы маңызды. Жалпы, ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Келешек ұрпақтың баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің дәрігерлік борыш. Біз халықтың бізге деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатындай халыққа қызмет көрсетсек одан артық абырой жоқ, – дейді жас дәрігер Жақсылық Абдуллаев.
Күніне 40-қа жуық емделушіні қабылдайтын денсаулық сақшысының кеңесіне жүгінушілердің басым бөлігі егде тартқан кісілер. Олардың дені сүйек-буын жүйесі ауруларымен, полиартрит, остреохондроз, пилонефрит сияқты шағымдармен келеді екен.
– Қазір жасы 45-тен асқан әр үшінші адам сүйек-буын жүйесі ауруымен ауырады. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені 45 пен 53 жас аралығында кез-келген адамның ағзасында зат алмасу процесі жүреді. Сол уақытта осы аурулар асқынады. Біз осындай шағыммен келген кісілерге шипалы лаймен ем дайындаймыз, – дейді Жақсылық Есентайұлы.
Иә, өз ісін сүйіп орындап, көпшіліктің жылы лебізіне бөленіп жүрген ақ халаттының өлшеусіз еңбегіне әріптестері де дән риза. Оны осы шипажайдың бас дәрігерімен әңгіме барысында аңғардық.
– Жас та болса Жақсылықтың әрбір ісі тиянақты. Оның алдынан шыққан кез-келген емделуші алғысын аямайды. Осыдан-ақ, оның өз антына адалдығын байқайсыз. Жалпы, біздің қызметкерлердің барлығы жауапкершілік жүгін түсінетін азаматтар, – дейді Ғабит Үйсінбаев.
Сондай-ақ жас дәрігер білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруды да естен шығарған емес. Соңғы жеделдетілген технологияға негізделген оқыту семинарлары мен тәжірибе алмасу курстарына қатысу үшін  Алматы, Ақтөбе, Астана, Қызылорда қаласында өткен оқыту тағылымдамаларына қатысқан.
Иә, «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты», – деп неміс философы Артур Шопенгауэр айтқандай, әр адамның жанының саулығы жолында тынымсыз тірлік етіп жүрген Жақсылық Абдуллаев секілді азаматтардың өлшеусіз еңбегі көпке үлгі екені сөзсіз.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
21 шілде 2018 ж. 1 145 0