ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚАУҚАРЫ ҚАНДАЙ?
Елбасының бес институционалды реформасы – елді дамытудың негізгі бағыты. Ал, оны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлермен қатар қоғамдық кеңестің үлесі басым болу керек. Бұл Президенттің берген нақты тапсырмасы. Сондықтан, екі жылдан бері қоғамдық кеңес халықпен тығыз байланыс орнатып, ел мүддесі жолында қызмет етіп келеді. Жуырда аудан әкімдігінде «Қоғамдық кеңестің ролі мен дамуы» тақырыбындағы көшпелі оқыту семинары өтті. Негізгі мақсат – қоғамдық кеңес мүшелері үшін қоғамдық бақылау жүргізу қабілеттері мен дағдыларын арттыру. Яғни, кеңес мүшелерінің жұмысын қалай жандандыру керектігі жиын барысында талқыланды.
Алдымен, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, саясаттанушы Сәулет Сахиев баяндама жасады.
– 2016 жылы құрылған қоғамдық кеңес осы уақытқа дейін елмен етене жұмыс жасап келеді. Енді осы қоғамдық кеңестің жұмысын жетілдіру, мүмкіндігінше халықпен жақын байланыста болу міндеті тұр. Ол үшін 2019 жылы қоғамдық кеңестің жаңа құрамын жасақтауда жаңа бағыт құруға тиіспіз. Яғни, кеңестің құзыреттілігін арттырудағы он өкілеттілік аясында ұсыныстарды енгізіп, талқылау, соңында шешім шығаруды бақылауда ұстауымыз керек. Сондықтан, бүгінгі семинардың мақсаты алдағы жоспарларды кең көлемде түсіндіре отырып, ұсыныс-пікірлерді тыңдау болатын, – деді Сәулет Ерназарұлы.
Енді жауапты сала маманының өзекті мәселесі бойынша күн тәртібіне енгізген жоспарына қысқаша шолу жасасақ. Бірінші, бюджет мәселесінің мән-жайы. Яғни, сарапшы маманның сөзінше, бюджет өзінше қаралып, мәслихаттың шешімі шыққаннан кейін, аудан әкімінің қолы қойылатын уақытта қоғамдық кеңеске ұсынылады. Рас, бірақ заң аясында қарасақ, құнды қағаз қоғамдық кеңестің қаралымында кем дегенде он күн болуы тиіс екен. Екінші, кеңесте арнайы маман жоқтың қасы, үшінші қоғамдық мониторинг жасалынбайды. Осы секілді түйіткілдер кеңесте жүйесіз екені сөз болды. Ал, ұсынысты алып қарайтын болсақ, ең алдымен кеңес мүшелігіне жастарды тарту қарастырылған. Себебі, жиында қаралған мәселелерді интернет ресурстары мен БАҚ арқылы жергілікті жұртқа ақпараттандырып отыруы тиіс. Міне, осындайда техниканың тілін ұққан жас буын өкілі керек-ақ.
Баяндамашының хабарынан кейін семинарға қатысып отырған кеңес мүшелері ел ішінде жүрген өзекті мәселелерді ортаға салды. Бұл жолғы нысанаға іліккен экологиялық жағдайдың хал-ахуалы. Төраға Сәулебек Ысқақов қазір ауданда экологиямен тікелей қатысты аурулардың жиілеуін жасырмады. Әсіресе, жүрек қан тамырларының асқыну қауіпті екенін түсіндірді. Бұдан шығатын қорытынды, мүмкіндік болса, Жаңақорғандағы ірі өндіріс орындарына бақылау жасау керектігі ұсынылды. Кем дегенде екі-үш айда бір зауыттың тынысымен танысып, жергілікті жұрттың жұмыс барысын тексеріп тұру үшін рұқсат қағаз алуға ықпал жасауды сұрады. Тұрғындар денсаулығына алаңдаған кеңес мүшелері бірінші орынға осы жағдайды қойып, алдағы басқа да жоспарларымен бөлісті.
Семинар соңында Алтынбай Тұртанов егер жастардың болашағын ойлайтын болсақ, онда кеңес мүшелерінің алға тартқан мәселесін уақыт күттірмей шешіп беруін сұрады.
– Шыны керек, әр ауданның өзіндік түйінді мәселелері бар. Мәселен, Арал ауданы қаржы мәселесі бойынша өңір басшысына хат жазып, өзіндік ұсынысын білдіруде. Ал, Жаңақорғанда денсаулық мәселесі бойынша ұсыныстар бар. Бір нәрсені ұмытпауымыз керек, қоғамдық кеңес бұл тәуелсіз ұйым. Сондықтан, ашық түрде елмен бірге жүріп, жығылғанның жанына желеу болуымыз керек, – деген пайымды пікірімен Сәулет Ерназарұлы оқыту семинарын қорытындылады.
Әлібек ТЕМІРБЕК.