"СПИД - ХХІ ғасыр індеті"
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен саябақта "СПИД - ХХІ ғасыр індеті тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Аталған тақырыпта көпшілік оқырмандарға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, АИТВ/ЖИТС туралы кең ақпарат айтылды.Шараға психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы Ақлима Омарова қатысып, жұқпалы аурудың алдын алу шарасын түсіндірді. Ол : «Ғасыр індеті біздің ауданға да жетті. Ауданда осы дертке шалдыққан 8 науқас тіркелген. Бұл тізімдегі науқастар біздің тарапымыздан өте қатаң бақылауда болады. Ауруды емдейтін ешбір дәрі жоқ. Дегенмен адамдармен қарым-қатынас жасағанда өте сақ болған жөн. Егер адам өзінен күдіктенсе, тез арада анализ жасату қажет» – деді.
Жұқпалы дерт сөйлескенде, амандасқанда жұқпайды. Ол тек қан немесе сұйықтық арқылы жұғады. Бұрын нокомандар арасында жұғу қаупі жиілесе, бүгінде сау адамдар арасында өте көп кездесуде. Қоғам үшін қауіп тудырған вируске ел болып қарсы тұру қажет-ақ.
Пікір 3