№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАСЫР ДЕРТІ: ЖАҺАНҒА ЖАЙЫЛҒАН ЖҰҚПА

ҒАСЫР ДЕРТІ: ЖАҺАНҒА ЖАЙЫЛҒАН ЖҰҚПА

Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Тәні саудың – жаны сау екендігі айтпаса да түсінікті. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу қоғам үшін өте өзекті болып табылады. Келешек ұрпақтың баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – заман талабы. Десе де, бүгінде дерттің түрі көп. Техника дамып, ғарышты игеріп жатсақ та, бірқатар дерттің дауасын таппаудамыз. Соның бірі – адамның иммунитет тапшылығының вирусы (АИТВ), және жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы (ЖИТС). Жасыратыны жоқ, ғасыр дерті қазақ елін ғана емес, жаһан жұртын алаңдатып отыр. Айықпас ауру төңірегіндегі қорқыныш уақыт өткен сайын үдей түсуде. Неше түрлі тағдырлар тажал құрбанының тырнағына ілінуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, бүгінге дейін әлемде 50 млн-нан астам адам ЖИТС ауруын жұқтырған. Хош. Енді АИТВ – инфекциясының індеттік ахуалы мен аймақта таралу көлемі мен ерекшелігіне тоқталсақ. Ресми статистикалық мәліметке сүйенсек, 2018 жылғы 1-сәуірге дейін елімізде 30759 адам тіркелсе, оның 21336-ы АИТВ-мен өмір сүреді. Ал, Қызылорда облысы бойынша 128 адам тіркеліп, оның 92-і АИТВ-мен өмір сүреді. Жалпы жыл басынан бері өңірде 7 жағдай тіркелген.
Бізде өз кезегінде ғасыр дерті жайлы толығырақ зерттеу мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Жаңақорған аудандық саналы әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Раушан Тотаеваны сөзге тарттық. Дәрігердің айтуынша, АИТВ жұқпасы  – қоздырғышы АИТВ болып табылатын антропоноздық созылмалы жұқпалы ауру. АИТВ жұқпасыкезінде иммундық жүйе біртіндепбұзылып, оппортунистік жұқпалар бас көтеріп, ақырында ЖИТС пайда болады. Ал, ЖИТС дегеніміз – 1 немесе бірнеше СПИД индикаторлық аурулар пайда болған АИТВ жұқпасының ең соңғы терминалдық сатысы.
– Негізінен АИТВ – инфекциясы білінбей өтетін дерттің түрі. Вирус адам ағзасына ауыз қуысы сілекелейлері, тері арқылы, инфекция жұқтырған адамдармен жеке гигиена заттарын бірге пайдаланған жағдайда жұғады. Бұдан бөлек жұғудың бірнеше түрі бар. Олар; қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы, АИТВ жұқтырған нашақормен бірге тамыр арқылы есірткі тұтыну кезінде. АИТВ жұқтырған жүкті әйелдің ішіндегі ұрыққа не жүктілік кезінде сәбиге жұғуы мүмкін. Одан бөлек, бүгінгі таңда сән салоны көптеп ашылуда. Мұнда татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату кезінде стерилденбеген құралдар пайдалану кезінде жұғу ықтималдығы жоғары – деді Раушан Тілеуқызы.
СЫРҚАТТЫҢ СЫР ӨҢІРІНДЕГІ
АХУАЛЫ
Сондай-ақ жауапты дәрігер дертке шалдыққан адам 2 жылдан 10-12 жылға дейін өзінің ауру жұқтырғандығын білмей бейқам өмір сүретінін жеткізді. Оған қоса, соңғы жылдары АИТВ жұқпасының  жыныстық қатынас арқылы таралуы басымдық бағытты алып отырғаны белгілі болды. Оған дәлел, егер осыдан 10-15 жыл бұрын бұл жұқпа 70-80 пайыз жағдайда инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында анықталған болса, 2017 жылы  облыста анықталған  20  адамныңбарлығы да  (100%)  жыныстық қатынас арқылы жұқтырып отырған.
– Айта кететіні, АИТВ жұқпасының әйелдер арасында тіркелуі жиілеп келеді. Оған дәлел, облыс бойынша әйелдер 2010 жылы барлық АИТВ жұқтырғандардың 75, 2011 жылы -50, 2013 жылы -55,5, 2014 жылы 64,3, 2016 жылы 50 пайызын, 2018 жылдың 3 айында 60 пайызын құрап отыр. Бұндай жағдай өз кезегінде жүкті әйелдердің арасында көбею мүмкіндігін туындататыны сөзсіз. Өсу үрдісімен алғанда өңірде 16 жүкті әйелден АИТВ жұқпасы анықталса, анасынан жұқтырған 2  бала тіркелген – дейді психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Раушан Тотаева.
Сонымен қатар, бұрындары «СПИД» десе, көз алдымызға үлкен қалалар да тіркелген деректер келетін. Сала маманының сөзінше, соңғы уақыттарда бұл ауру қала не дала деп бөлінбей қарапайым ауыл-аймақта да көптеп тіркелу үрдісі байқалған. Мәселен, өткен жылғы статистика да Қазалы да - 10, Шиелі де 11, Қармақшы да 5, Аралда 6, Жаңақорғанда 6, Сырдарияда 2, Жалағаш ауданында 1 адам АИТВ жұқпасымен диспансерлік есепте тұрған. Оның ішінде, 40 жастан жоғары топтарда көптеп кездесуде екен. 2018 жылдың 3 айында тіркелген дерттің 80 пайызы 40 жастан асқандар арасында болып тұр. Және соңғы 5 жылда Қызылорда облысында диспансерлік бақылауға алынғандар және АРТ-мен емін қабылдайтындар саны 5 есеге өскен. Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданы бойынша диспансерлік есепте 8 науқас тұрақты емін қабылдауда екен.
Саналы әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Раушан Тілеуқызымен тілдесу барысында АИТВ инфекциясы эпидемиясының даму көрсеткішінің жоғарылап бара жатқанының басты себебін сұрадық. Дәрігердің айтуынша, дерттің дендеп кетуіне бірнеше себеп бар. Олар; Наркобизнес,  вакцина тапшылығы, ағзаны вирустан толық тазартатын дәрінің жоқтығы, миграция, сексбизнес, ақпараттық білім төмен, туберкулез, алкаголизм және соңғысы АИТВ-ның кеш анықталуы.
Десе де, жауапты сала маманы АИТВ-ның алдын алу және түсіндірме жұмысын жүргізу бағытында жүйелі жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Әсіресе, аудан бойынша білім беру ұйымдарында «АИТВ-қауіпті дерт!», «АИТВ-дан сақтаныңыз!» деген тақырыптарда оқушылармен кездесу өткізіп, ақпараттық танымдық сағат жұмысын жалғастыруда екен.. Одан бөлек, жастар қауымымен бірлесе отырып, АИТВ-ға қарсы апталық, айлық акцияларын ұйымдастырып жатқанын тілге тиек етті. Ең бастысы – АИТВ статусы бойынша арнайы тексерулерден өтіп құрған абзалырақ. Неғұрлым ерте анықталса, ем-дом шараларын уақытылы бастауға мүмкіндік болады. Ол үшін аудандық емахана жанында орналасқан ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Жаңақорған аудандық саналы әлеуметтік кеңес беру кабинетіне барып, мамандардан ақпараттық кеңес алғанда артық етпейді.
Тақырыпты түйіндей айтқанда, аты жаман ауру қаладан далаға да келді. Яғни, ауыл-аймақтарда тіркелу дерегі орын алуда. Бұл салауатты өмір салтын серік етп, сақтық шараларына барынша қырағылық таныту керектігін айғақтайды. Әрине, бір анығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы СПИД-ті 100 пайыз емдеуге әзірге дәрменсіз екенін мойындайды. Алайда вирустың асқынуын тежейтін тегін дәрілердің мемлекет тарапынан берілетінін біреу білсе, біреу білмейді. Сондықтанда дәрігерлердің бақылауында болып, тұрақты ем-дом шараларын қабылдап жүрген сырқаттың санасы сергіп, өз өмірін сапалы етуге мүмкіндігі бар.
Әбдісамат ӘБДІШ.
23 маусым 2018 ж. 1 220 0