№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қолыңыз сіз жайында не айтады?

Қолыңыз сіз жайында не айтады?


Қол – адамның ішкі жан-дүниесінің айнасы болып табылады. Психолог мамандар қолға қарап адамның өткені мен қоса бүгінін, болашағын болжауға болады деген пікірде.  Сонымен қатар мінез-құлқы мен денсаулығының қай деңгейде екенін аңғаруға болатынын айтады. Ендеше өз денсаулығыңызды қолыңыз арқылы тексеріп көріңіз.

• Қолыңыз үнемі мұздап жүрсе, онда қан айналымыңыз дұрыс жұмыс істемейді және ағзаңызға никотинді қышқыл жетіспейтіндігін білдіреді. Сондықтан да құрамында осы элементтер бар тағамдарды мәзіріңізге қосыңыз. Оны көбінесе сүт өнімдерінен, еттен, балықтан, саңырауқұлақтан, қарақұмықтан, лобиядан, қырыққабаттан табасыз. • Егер керісінше қолыңыз үнемі қызып жүрсе, онда бауырыңыз өз жұмысын дұрыс атқара алмайтындығын аңғартады. Сондықтан да дәрілерден, спиртті ішімдіктерден, құрамында химиялық қоспасы бар заттардан аулақ болғаныңыз дұрыс. • Қолыңыз тітіркенген сияқты нүкте-нүкте болып жүрсе, онда сіздің эндокринді жүйелеріңіз сыр беріп жүргенін баяндайды. • Егер де қолыңыз суланып, терлеп жүрсе, онда қалқанша безінде ақау барын айғақтайды. • Қолыңыз қуқылданып немесе құрғақтанып кете берсе, онда гипотиреозды (қалқаншабез қызметінің жеткіліксіздігін) білдіреді. Саусақтарыңыз да сіз жайлы сыр  шертеді • Саусақтарыңыздың басына дақ түссе, онда денсаулығыңызды жіті бақылаңыз. Мүмкіндігінше барлық тексеруден өтіңіз. • Шынашақ саусақтарыңыз ұйып қала беретін болса, онда кардиологтың қабылдауына жазылыңыз. Бұл жүрек қан-тамыр ауруынан хабар береді. • Ал бас бармағыңыз ұйып қала беретін болса, тыныс жолыңызда кінәрат бар деген сөз. • Саусақтарыңыз әжім секілді қыртыстанса, онда сізде гипотиреоз (қалқаншабез қызметінің жеткіліксіздігі) немесе қант диабеті дертінің қаупі бар. • Егер де саусақтарыңыздың басы қарақошқылданса, онда ас қорыту жүйесі мазалайды. • Қолыңыздың саусақ ұштары қою қызыл немесе қызғылт түске енсе, бауыр мен бүйрегіңізде ақау бар. • Бас бармағыңызда қандай да бір дақ пайда болса, онда жыныс мүшелеріңізді тексертіңіз. • Егер оң қолыңыздың сұқ саусағы қыши берсе, онда ішектеріңізге шлак толғандығын білдіреді. • Саусақтарыңыздың буындары қытырласа, сізге кальций жетіспейді деген сөз. Қолыңыздың пішімі қандай? • Адамның алақаны қаншалықты жалпақ, үлкен болса, соншалықты денсаулығы да мықты болады деген қазақта ұғым бар. • Жалпақ алақан мен кішкентай саусақтардың қан айналымы жақсы жұмыс істемейді және қан қысымы үнемі көтеріліп жүретіндер қатарына кіреді. • Жіңішке алақан мен жіңішке ұзын саусақ, жүйке жүйесінде ақауы барлар мен эмоцияға берілгіштерге тән. • Кішкентай алақан мен кішкенай саусақ иелері тамақ ауруларына, аш ішектерінің суықтауына тез ұшырайтындар. • Томпақ келген алақан иелерінің қан айналым жүйелері дұрыс жұмыс жасамайды. Олардың зат алмасу жүйесі сыр беріп, қалқанша безі ауырады.
18 қаңтар 2018 ж. 2 060 0