Соңғы жаңалықтар

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 

ҚҰДІРЕТ

Саз мамандардың айтуынша, ән екі жағдайда орындалады. Бірі дауыспен, екіншісі жүрекпен. Әрине, екіншісі әсерлі. Оған бір мысал.
Сталиннің қатал заманы. Соғыс өрті өршіп тұр. Ел қорғаушыларын рухтандыру мақсатында патриоттық ән тудыру тапсырмасы түсті. Әйгілі «Тёмная ночь» әні осылай туды. Әнін Н.Богословский, сөзін В.Агатов жазды. Енді шығарманы кім орындайды? Бұған талаптанбағаны жоқ. Осылай тәуір ән шын иесін ұзақ таппай жатты. Содан кезек Марк Бернеске келді. Ол нақышына келтіре орындап, есімі елге лезде тарады. Сөйтіп 1943 жылы Мәскеу студиясында Марк Бернестің орындауында «Тёмная ночь» «Қараңғы түн» (әні Н.Богословский, сөзі В.Агатов) грампластинкаға жазылатын болды. Алғашқы пластинка партиясы жарамсыз болып, үлкен айқайға ұласты. Әуенге қосымша үн қосылып кеткен. Шұғыл тексеру барысында анықтағандай, техник жазылу барысында әннің құдіретіне елітіп, көзінен бір тамшы жас грампластинкаға тамып кетсе керек. Жүрекпен айтылған әннің осындай әсері болатынын түсіндірудің қажеті жоқ шығар.
26 маусым 2018 ж. 714 0