Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 15 ЖЫЛЫ ТЕМІР ТОРДА ӨТЕДІ

15 ЖЫЛЫ ТЕМІР ТОРДА ӨТЕДІ

Алматы облысында сегіз жасар баланы азаптап өлтірді делінген тәрбиешіні сот кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса, Мейіргүл Жалымова жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге өтемақы төлейтін болды.

Өтемақыны төлеу үшін судья келіншектің туыстарына 2 ай уақыт берді. Кері жағдайда, мәжбүрлі түрде бүкіл мүлкі саудаға шығарылады деді. Негізі сұралған өтемақы бұдан он есе көп болатын. Алайда, сот әйелдің кәмелетке толмаған үш қызы барын ескеріп, соманы он есеге қысқартып тастады. Десе де, атышулы іс мұнымен аяқталмайын деп тұр.
Алайда, Жалымованың туған әпкесі енді интернаттағыларды сотқа беремін деп отыр. Айтуынша, мүгедек балаларға жасайтын түрлі әрекеттерін жасырып қалу мақсатында бәрі де ауызбастырық ұсыныпты.
Үкіммен келіспеген тарап апелляцияға жүгінді. Сондай-ақ мүгедек балаларға арналған интернатқа қарсы істі бастауға кірісіп те кетті.
23 маусым 2018 ж. 1 411 0