№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙЫЛМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

ЖАЙЫЛМАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ


2017 жылы жайылмалықтарға несімен есте қалды? Осыдан бастасақ. Себебі, ауылда күрмеуі көп мәселелер жоқтың қасы. Мұны есеп беруде байқадық. Сонымен, былтыр мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл кәсіпкерлері несие алып, кәсібін аша бастаған. Соның ауқымдысы
құрама жем шығару цехының іске қосылуы болды. Екіншіден, өткен жыл жайылмалықтарға аудан әкімінің бастамасымен көшпелі сауда дүңгіршектерінің салынуымен де есте қалды. Яғни, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолының бойында «Жайылма» бақша көкөніс базары ашылды.
Елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы халыққа арнаған былтырғы Жолдауында Үшінші жаңғыруды бастауға міндеттер жүктеді. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз берді. Бұл тұрғыда Жайылма ауылы ерен еңбек етіп келеді. Ауыл әкімінің есеп беруінен бөлек оны маусымдық кезде көзіміз көріп жүр.
Жалпы, егіспен айналысатын шаруашылықтар мен жекелерде бақшадан барлығы 9982 тонна өнім қамбаға түсіпті. Ауыл дихандары бақша дақылын ерте пісірудің әдістерін дамытып, көшеттеп егудің тәсілдерін қолға алған. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде отандық өнімнің әлеуетін көтеріп, нарық сұранысын арттырған Жайылма қарбызы көпшіліктің көңілінен шыққаны рас. Нақтырақ айтқанда науқандық кезеңде 60 тонна бақша өнімі Елордаға жөнелтіліпті.
Сонымен, белгіленген уақытта ауылдық клуб үйіне жиналған жайылмалықтар әкімдер есебін тыңдады. Ауыл әкімі есеп беруді 2018 жылы атқаратын жоспарларымен түйіндеді. Оның ішінде ардагерлер аллеясын жасау, елді мекен аумағындағы зираттың ішіне көркейту-көгалдандыру жұмыстары, мен №1 «Камшат» балабақшасына жаңадан типтік жобадағы құрылысын салу жоспары бар. Ауыз су құбырын, клуб үйіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді де ұмыт қалдырмапты. Міне, ауыл басшысы осымен қорытындылады. Еңбекке еті үйренген ағайынның айтары да бар екен. Ауыл әкімі Талғат Зейдалиевтің есебінен кейін тұрғындардың негізгі сауалы ауылдық клуб үйінің жаңа ғимаратының мәселесі болды. Жалпы, ауылдастары әкім ісіне оң баға берді.
24 қаңтар 2018 ж. 1 351 0