Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 358

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы

Жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы


Жаңа оқу жылы басталды. Осыған байланысты Жаңақорған ауданындағы білім беру ұйымдарының қауіпсіз әрі санитариялық талаптарға сай жұмыс істеуіне ерекше мән берілуде. Балалардың денсаулығын сақтау, білім алуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасау – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің негізгі бағыттарының бірі.
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бағалау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  2026 жылғы маусым айында мониторинг жүргізді. Мониторингке аудандағы  86 білім беру объектісі қамтылды. Оның ішінде 42 жалпы білім беретін мектеп, 2  мектеп-интернат және  42 мектептің ас блогы бар. Нәтижесінде санитариялық талаптардың бұзылуы 83  нысанда, яғни мониторингке қамтылған объектілердің 96,5 % пайызында анықталды. Анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жөндеу мәселелеріне қатысты. Анықталған кемшіліктер бойынша 55 ұйғарым берілді. Алты объектіге жедел ден қою шаралары қолданылды. Сонымен қатар 8  мектепке жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тексеру барысында 2 мектепте  ұйғарымның орындалмау себебіне байланысты ҚР ӘҚБК-нің (по статье)425  бабының  1 тармағы бойынша айыппұл салынып, 462 бабының 3 тармағымен сотқа жолданды .
Мектеп формасы мен рюкзактардың сапасы да тексерілуде. Жаңа оқу жылына дайындық тек білім беру ғимараттарының жағдайымен шектелмейді. Оқушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өнімдердің сапасы да санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда. Өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу жұмыстары  барысында балалар киімінің 7 үлгісі зертханалық сараптамаға алынды. Оның ішінде 5 мектеп формасы және 2 мектеп рюкзагы бар. Зерттеу нәтижесінде 7 үлгінің таңбалануы талаптарға сәйкес келмеген. Оның ішінде 5 мектеп формасы мен 2 мектеп рюкзагы бар. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша өнімдерді кері қайтарып алу жөнінде тиісті қаулылар қабылданды.  Балалардың тамақтануына да ерекше көңіл бөлінеді
2025 жылдан бастап аудан бойынша мектептерде  жаңа Тамақтану стандарты мен мектепте тамақтандырудың үлгілік перспективалық мәзірі енгізілді. Жаңа стандарттың негізгі мақсаты – балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес ас мәзірінде тұз, қант және май мөлшерін азайтуға, көкөністер мен жемістерді көбейтуге, ет өнімдерінің түрлерін, соның ішінде жылқы етін әр тараптандыруға басымдық берілген. Сонымен қатар құрамында тұз бен қант мөлшері жоғары, табиғи емес өнімдер, оның ішінде бірқатар шұжық және ысталған өнімдер, құрамында қанты бар шырындар мәзірден алынып тасталды. Мұндай шаралар балалар арасында семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да жұқпалы емес аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған. Түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен тамақтандыру қызметін көрсететін кәсіпкерлер арасында да түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Негізгі назар балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне аударылуда.
Жаңақорған  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жаңа оқу жылында да білім беру және тәрбие беру объектілеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды.
Өйткені баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуы – оның денсаулығы мен болашағына салынған ең маңызды инвестициялардың бірі.

М.Сандыбайқызы
Бөлім басшы
04 қыркүйек 2026 ж. 84 0