Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ШҮКІРШІЛІК ПЕН КҮПІРШІЛІК

ШҮКІРШІЛІК ПЕН КҮПІРШІЛІК


Барға қанағат, жоққа сабыр сақтаған байыптылық шүкіршілікке жатады. Ал, күпіршілік —  обал-сауапты біле тұрып, білместік жасайтын, шүкіршілікті ұққанмен, жат пиғылға жаны үйір кісінің ісі. Тіршілікте күпіршілікті күнде жасап қоямыз. Қолыңда заты бола тұрып өзгеге  қимай қалу да пенделігіміз. Осы үшін кейде өмір бойы өкініп жүретініміз шындық. Тамаққа тойып тұрып, қай-қайдағыға бас қатырамыз, біреудің қаңсығына қайран қаламыз. Таңырқауға әуеспіз, талпынуға қауқар аз. Құдіреті күшті Алланы да ауыртпалық көргенде, қиналып-қысылғанда ауызға алып, жалбарынуға, сыйынуға бас қоямыз, салғырттығымызға себеп етеміз. Сол пендешілік бір кем дүниеге көп ұрындырады. Бәлкім, қателік те күпіршілікке кіріптар емес пе?
Қаныбек ӘБДУОВ.
15 маусым 2018 ж. 3 024 0