№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қожа Ахмет Яссауидің нақыл сөздері

Қожа Ахмет Яссауидің нақыл сөздері


Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы Қожа Ахмет Яссауи 1093 жылы туылған. Ғұлама, әулиенің бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — "Диуани хикмет" (Хикмат - жинақ) кітабы. Бұл еңбектегі хикметтердің мәні, философиясының өзегі – адам. Ал автор адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек және өзін-өзі тануы қажет дейді. Ендеше түркі мәдениетінде өзекті орны бар еңбектің негізінде алынып, ұрпаққа мол мұра болып қалған ойлы ой орамдарын назарларыңызға ұсынамыз.

 * Кекірейген кердеңдерден қаш.
 * Қам көңілдің қайғысына дауа бол,   Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.
 * Ғаріптерге көңіл бөл.
* Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.
* Әмәнда сауап жаса.
* Тасжүрекке құдай назар салмайды.
* Жан пидасыз құр «һу-һу» - бәрі жалған.
 * Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.
 * Халқыңа қызмет ет,    Ізгілерге ізет ет,   Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
 * Әуейілік, пендешілік – бір жат іс.
 * Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
 * Не болса да – сабыр қыл.
* Шариғаттың шарты – иман.
 * Күнәдан қорық.
 * Нәпсің тынса – пейілің кеңір.
* Не көрсең де – Құдіреттің қалауы.
 * Қайғы-уайым әр нәрседе абай болуға үйретеді.
 * Шын мүсәпірге – тақ пен бақтың өзі зындан.
 * Тағат қылмай өңмеңдеуден түк өнбес.
* Құштарлықтың сыры – алуан.
 * Алла дерті сатылмайды.
* Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.
* Ғашықтық, құштарлық дертіне дауа болмас.
* Пасық сөзден тұла бойға шаншылар мұң.
* Сүйсең – хақты сүй.
* Нәпсі көп жүгіртіп, хақты ұмыттырады.
 * Кімді көрсем қызмет қылып құлы болдым.
* Білгіш болсаң – өзіңе,   Ғашық болсаң – өзіңе.
 * Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
 * Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.
* Жан бермеген махаббат – тұрлаусыз махаббат.
* Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады.
* Құштарлықтың бейнетіне де төзу керек.
* Нәпсіңді тиғың келсе – қорлыққа да көнуге тура келеді.
* Ниетсіз, құлықсз, қиналыссыз сөздің салмағы жоқ.
 * Көңілің тойсын қанағатқа.
 * Жақсыларға қызмет көрсетіп, жақсы атан.
* Ит дүниені қызықтама.
* Бейнеттен қашпа. * Қызмет еленбей қалмайды.
 * Ғашық емес – құштарына жан бермеген,   Диқан емес – кетпен шауып нан бермеген.   Ғашықтардан жөн сұрап әуре болма.   Тақуа болма, тентек болма – ғашық бол.
* Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ.
 * Ғашық болсаң – таза бол.
* Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.
 * Ынсапсыздар өздерін өмір бойы шәкіртке санайды.
* Іші қулыққа толының, көкірегінде ары жоқтың жүрегі дірілдемейді.
 * Нағыз тәліп (шәкірт) кісінің іші толы дүрлерге. * Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар,   Көздерінен жас тамбас.
* Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер.
* Дүние фани – өткінші.
* Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.
 * Имансыздың көңіл көнегі ешқашан толмайды.
 * Аштан өлер болсаң да – нәмартқа міндет артпағын.
* Тәубесі жоқтың – көңілі арам.
* Өз көркіңді өзің малдана берме.
* Алланы айтып тәуба қыл, алланы ойла.
 * Жаны сергектің – тәні сергек.
 * Менменнің барар жері – тамұқ.
 * Тәкаппар тозақта күйеді.
 * Бетпақ болма.
* Нәпсіге ерме.
 * Нәпсіге ерген қор болады
 * Тәубасы бардың – нұры бар.
Дереккөз: Massaget.kz
16 мамыр 2018 ж. 4 013 0