Тәртіпке бас иген құл болмайды

Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны» көрсетілген.
Осы тұрғыда, қоғамдағы көптеген заң білмейтін азаматтар өз құқықтарын білмеудің салдарынан опық жеп жүр, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі, дау-дамайдың көбісі құқықтық сауатсыздықтың салдары дер едік.
Мысалы, көп жерде байқаймыз, әлеуметтік желіде әлдебіреулерді фотосын салып, тұсына «мынау алаяқ, мынау қылмыскер» деген сөздермен көпшілікке жария етіп жатады, мүның өзі , тағы да Ата Заңымыздың 77-бабында көрсетілгендей: « Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес» деп есептелінеді, яғни, соттың заңды күшіне енген Үкімінсіз ешкімді де «алаяқ, қылмыскер» деп айтуға құқығы жоқ.
Бұл әрекеттер өз кезегінде, қолданыстағы Қазақстан Республиксы Азаматтық Кодексінің 143, 145 – бабтарындағы әркімнің өз бейнесіне құқығы: «Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ».
«Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығару үшін сотқа жүгініп, моральдық залал өндіріп ала алады, яғни, соңы азаматтық жауапкершілікке әкеліп соғады.
Халкымызда «Досы көпті жау алмайды, акылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Айналаңыздағы адамдарды сыйлай, кадірлей білу дегеніміз, құқықтық тілмен айтканда бұл – заңды білу, өз құқықтарын білу, яғни заңды білген адам езгелерге де құрметпен карайды дегім келеді.
Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, езін қорғай алмай жүргендерді кептеп кездестіреміз.
Зансыз елде әркім өз білгенін жасайды,тәртіп сақталмайды, тәртіп пен заң біздің қоғамымыздың жүйелі тынысы үшін кажет , сол себепті, әрбір азамат өзінің қоғамдағы азаматтық құқықтары мен міндеттерін біліп, сақтай білсе, қоғамда тәртіп толығымен сақталатыны сөзсіз.
Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген мәтелді әркез естен шығармайық.
Гүлзира Тұрғанбайқызы,
Қызылоррда облыстық адвокаттар алқасы,
Жаңақорған аудандық заң кеңесінің адвокаты