№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ-ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ-ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Республикалық референдум ұғымы нені білдіреді?

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ-Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекет өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің жобасы бойынша БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ДАУЫС БЕРУ.
РЕФЕРЕНДУМ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БҮКІЛ АУМАҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ.

РЕФЕРЕНДУМ ТАЛҚЫСЫНА:

Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарды қабылдау, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізу;

республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу қойылуы мүмкін.

РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫ тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез- келген өзге жағдаяттарға қарамастан РЕСПУБЛИКАНЫҢ 18 ЖАСҚА ЖЕТКЕН АЗАМАТТАРЫНА БЕРІЛЕДІ

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ.
Азаматтар референдумға тікелей қатысады.
РЕФЕРЕНДУМ ТАҒАЙЫНДАУ ҚҰҚЫҒЫ Қазақстан Республикасының Президентінде болады. Ол туралы шешімді Президент тиісті Жарлық шығару жолымен қабылдайды.
Ағымдағы жылдың 5 маусымында республикалық референдумды өткізу жайлы Президентіміз Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 5 мамырында Жарлық шығарғаны баршаңызға мәлім.
Аталған референдумда еліміздің Ата Заңы- Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланады.
Оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғау құқықтарын күшейту мәселелері де қамтылған.

Атап айтқанда:

Конституциялық Кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады;
Конституциялық сот азаматтардың Ата Заңымызда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін азаматтардың өтініштері бойынша қарайды;

өлім жазасына тыйым салынады;

Прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе беріледі;

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға конституциялық мәртебе беріледі және оған конституциялық кепілдіктер беріледі;

қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп таныған сот актісінің негізінде ғана мәжбүрлі еңбекке жол беріледі.
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасау, оған азаматтарды енгізу сайлау комиссияларымен жүргізіледі.
Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге құқылы. Егер тізімге енгізілмесе немесе дұрыс енгізілмесе, тізімнен шығарылып тасталса немесе тізімде сайлаушы туралы деректерде жаңсақтық жіберілсе сайлау комиссиясына шағымдануға құқылы.

Мұндай арызды тиісті сайлау комиссиясы арыз келіп түскен күні қарауы тиіс.

Егер арыз қанағаттандырылмаған жағдайда сайлау комиссиясы арыз иесіне ол жайлы дәлелді шешімнің көшірмесін кешіктірмей беруі қажет.
сайлау комиссиясының аталған шешіміне сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиісті сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Сот шағымды ол келіп түскен күні қарайды.
Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары үшін, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар үшін дауыс беру күні мен оның қарсаңындағы күн жұмыс күні болып табылады.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі іс-әрекетіне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Әрбір азамат елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы үшін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға құқылы. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепіл болатын жаңа қадам.
21 мамыр 2022 ж. 264 0