» » Цифрлық технология тәуелділікті тежейді

Цифрлық технология тәуелділікті тежейді


«Мемлекеттік қызмет азаматтардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі қағидаттары негізінде көрсетіледі» – делінген. ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында кез келген азамат өзіне қажетті қызметті ешбір кедергісіз алуға құқылы.


Қазіргі заман талабына сай цифрлық технологиялар игіліктерін пайдалану қызмет алушыға көптеген мүмкіндіктер береді. Яғни, бар болғаны электрондық цифрлық қолтаңбаңыз қажет.
Қазақстан Республикасының Электронды Үкімет порталы (www.egov.kz)арқылы тұрмыстың барлық саласындағы мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде үйден шықпай-ақ алуға болатыны көпшілікке мәлім болғанымен, тұрғындар тарапынан оны меңгеруге деген талпыныстың өз деңгейінде болмай тұрғаны ойландырады.
Мемлекеттік қызметтердің бірқатар түрлерін тіпті смартфон арқылы да алуға болады. «eGov mobile» қосымшасын қалта телефоныңызға жүктеп, білім, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, жылжымайтын мүлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, салық сияқты өміріміздің сан алуан саласына қатысты құжаттарды рәсімдей аласыз.
Сондай-ақ, соңғы кездері жұртшылық арасында танымал боп кеткен Kaspi банк пен Халық банктің қосымшаларында да мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Бұл сервистер өте тиімді және көпшілікке түсінікті етіп жасалған. Кент және ауылдық округ әкімдіктерінің кеңселерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» дайындалған. Осы себепті аудан орталығына келмей-ақ, өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі әкімдік ғимаратынан электронды цифрлық кілт ашу, egov.kz порталы арқылы құжаттарды қажетті мекемеге жолдауды үйренуге, қызметкерлерден құқықтық көмек алуға болатынын жеткізгім келеді.

Венера АЖИМОВА,
аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы
22 маусым 2024 ж. 387 0