№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жәндіктен қатер төнбесін!

Жәндіктен қатер төнбесін!


Аудан бойынша биылғы жылы Конго қырым гемморагиялық қызбасының бір жағдайы Апанғақ ауылында тіркеліп, зерт­ханалық жолмен дәлелденді. Науқас екі күн мазасызданып, дене қызуы көтеріліп, құсып, тамаққа тәбеті болмай 6.05.2025 жылы орталық емхананың көмегіне жүгінген. Қан үлгісі тексеруге жіберіліп, КҚГҚ-на күдіктеніп, жұқпалы аурулар бөлімшесі­не жатқызылып, қан үлгісінің Облыстық сараптама орталығының зертханасына жол­даған үлгісінен диагноз нақтыланды. Кене шағу зардабына ұшырап отырған азамат Апанғақта сиыр бағады.


Науқасқа арнайы ем тағайындалып, ау­руханада дәрігерлердің бақылауында. Қа­рым-қатынаста болған азаматтар 14 күндік медициналық бақылауға алынды, жалпы жағдайлары жақсы. Негізінен бұл індет аса қауіпті жұқпалы инфекциялардың қатарына жатады.
Індеттің негізгі ауру көзі – ауыл шаруашылық малдары және осы індетпен науқастанған адам. Жұғу жолдары: кене шағу арқылы, сонымен қатар инфекция малдан да жұғады. Осы инфекциямен ауырған адаммен қарым қатынаста болғанда, көмек көрсеткенде, тұрмыстық қатынас арқылы жұғуы мүмкін.
Зардабы қатерлі жәндіктің өмір сүруіне қолайлы ошақтары болып сана­латын аумақтар залалсыздандырылып, ве­теринариялық-санитарлық маандармен бірге жұмыс жүргізілуде.
Кент орталығында, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар есік-алды, қора-жай, бау-бақшаңызға жұмыс істеуге барғанда аяқ-қолыңызды мықтап жабынып, жәндіктің еніп кетуіне жол бермеңіздер.

Асқан Отарбеков,
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологы
13 мамыр 2025 ж. 555 0