Соңғы жаңалықтар

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » СОТ ӘДІЛДІГІ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

СОТ ӘДІЛДІГІ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ


Заң – әділдік пен тәртіптің діңгегі. Қоғамдағы күрделі мәселелердің күрмеуін шешіп, әр азаматтың құқығын қорғау мемлекеттік сот органының басты мақсаты. Жыл басынан бері атқарылған сот қызметін қортындылаған Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Айдос Жолдыбаев БАҚ өкілдерімен баспасөз релизін өткізді.


– Биылғы жылдың бірінші тоқсанында аудандық сотта барлығы 491 іс қаралды. Оның 238 азаматтық іс, 14 қылмыстық іс, 9 әкімшілік іс, 230 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Қылмыстық істер бойынша 43 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 17 адамға қатысты 14 қылмыстық іс түсіп, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Аудандық прокурорына кері қайтарылған істер болмады, – деп бастады сот төрағасы.
Сот төрелігін ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында ғаламтор жүйесінде әрбір соттың арнайы әлеуметтік желіде парақшасы ашылып, онда соттағы істердің қозғалысы жайлы мәліметтер, соттардың атқарған жұмыстары жайлы хабарламалар жарияланып тұруы әдетке айналды. Мақсат халықтың сот әділдігіне сенімін арттырып, ақпаратты жалпыға бірдей қолжетімді ету. Аудандық соттың әрбір ісі мен жаңалығы, тоқсан сайынғы қорытындысы фейсбук әлеуметтік желісінде ұдайы жарияланып тұрады.
Ал азаматтық істер бойынша аудандық сотқа 102 талап арыз түссе, Шешім қабылданған 102 іс бойынша 98 талап қою қанағаттандырылып, 4 талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған. ҚР «Азаматтық процестік кодексіне» енгізілген жаңа институт «сотқа дейінгі хаттама» бойынша 47 іс тоқтатылған.
Сондай-ақ сот төрағасының мәліметіне сай әкімшілік 14 іс түсті. Оның 13-і жер қатынастар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әкімшілік актілеріне дау айту, біреуі әкімдік сайлау референдумына қатысты талап қою, 11-і әкімшілік іс, оның 2-і кері қайтарылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық көрсеткішіне тоқталсақ 234 әкімшілік құқық бұзушылық іс түскен,114 тұлғаға айыппұл салынса, 71 адамға әкімшілік қамаққа алу, 3 жеке тұлғаның көлік жүргізу құқынан айырған , 6 адамға ескерту жасау түріндегі жазалар қолданылған. Жалпы айыппұл көлемі 8707092 теңгеге жетті.
Айту өту керек, масаң күйде көлік тізгіндеушілер тыйылмай тұр. ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабымен жүргізушінің көлік құралын алкологольдік есірткі немесе масаң күйінде басқарушылар 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 10-тарауы. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды ӘҚБтК-нің 73-2 бабы, ұрып соғу санаты бойынша шағымдар қаралған. Ал, жыл басынан бері 73 адам ажырасуға өтініш берсе, оның 43 некесі бұзылып, 19 неке медиация тарапынан татуласқан. Байқағанымыздай, қоғамда отбасының ажырасу мәселесі қазір көпті алаңдатуда. Бұл тақырып төңірегінде Айдос Жолдыбаев арнайы тоқталып өтті.
– Ауданда жылдан-жылға ажырасу көрсеткіші артып келеді. Әрине, бұл жақсы көрсеткіш емес. Ашығын айтайық, сотқа ажырасуға өтініш білдірген азаматтардың шағымын тыңдап, татуластыруға тырысамыз. Ажырасу оңай болғанымен, ортада балалардың қиналатынын, тірі жетімнің күйін кешетінін егжей-тегжейлі айтып, отбасындағы татулықтың дәнекері болатын кішкентай сәбилердің де болашақ тағдырына немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіреміз. Қалай десек те, қамшының сабындай қысқа ғұмырда отбасындағы құндылықтардың қадірін жете түсініп, жақсы бағалай білетін отбасылардың екіге бөлінгенін емес, бір бүтін болып қалуына бар күшімізді салып келеміз. Біз өз тарапымыздан барынша отбасын сақтап қалуға әрекет етеміз, – деді.
Аудандық сот ұжымы қоғаммен ашықтықты қамтамасыз етуде жариялылыққа баса ден қойып келеді. Биыл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтына жариялауға 10 материал жолданып, оның 6-ы жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 37 мақаласы жарияланып, 1 пресс-конференция өткізілген, 4 семинар сабағы ұйымдастырылып, 3 бейне ролик, барлық істер тек аудио-бейне жазбасы (АБЖ) құралына басылып қаралған. Баспасөз конференциясын қортындылай келе, сот төрағасы алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.
Аудандық сот төрағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қаралған істердің саны азайғанын, оның басты себебі ретінде, сотта және сотқа дейін тараптардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиацияның маңызына тоқталды. Еліміздегі сот жүйесі өз тарапынан түрлі реформаларға мұрындық болып, халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, тәуелсіз Қазақстанда адам құқығының аяқасты болмай, бостандық пен теңдіктің сақталуын биік мұрат етіп келеді. Әлеуметтік ортадағы түрлі құқық бұзушылықтардың Ата Заң негізінде қалпына келтірілуі, әділеттілік табуы халықтың сот билігіне деген сенімін нығайтады. Аудандық сот төрағасы сот төрелігінің сапасын арттыру және сот жүйесін нығайту бағытында баспасөз өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
22 сәуір 2025 ж. 219 0