Аудандық сот 2024 жылды түйіндеді

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Айдос Кәрібайұлы баспасөз конференциясын өткізіп, 2024 жылда атқарылған жұмыстарды саралады. Нәтижесінде, аудандық сотта барлығы 1953 іс қаралып, аяқталған.
Оның ішінде өткен жылдың 12 айында барлығы 124 адамға қатысты 84 қылмыстық іс, 954 талап қою арызы, 56 азаматтық іс, 35 әкімшілік талап қою арызы, 922 тұлғаға қатысты 916 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен.
Былтыр 125 адам жөніндегі 84 қылмыстық іс аяқталып, 3 қылмыстық іс 2025 жылға есептік кезеңге қалған. Ал, басты сот талқылауында 2 адамға қатысты 1 қылмыстық іс процестік келісіммен қаралған. Аяқталған 84 қылмыстық істің ішінде 102 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылып, 20 азаматқа қатысты 17 қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылса, 1 қылмыстық іс өзара татуласуларына байланысты тоқтатылған.
Сондай-ақ, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 13-теріс қылықты қылмыстық іс қаралып, күдіктілер ҚК-ң 296 бабының 2,3-бөлігімен айыпталып, 4 адамға айыппұл салынса, 9 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. 296 баб 4-бөлігімен 1 адам, 300-баб бойынша 5 азамат бас бостандығынан айыру жазасына тартылған.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санатына қатысты 3 қылмыстық іс тіркелгені мәлім болды. Аталмыш іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағында және 189-бабы 3-бөлігі 1,2,3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін барлығы 27 адамға қатысты 2 қылмыстық іс қаралып, аяқталған.
– 2024 жылы 13 жекеше қаулы шығарылды. Тоқтатылған, ҚР «Медиация туралы» Заңы қолданылып қаралған 17 қылмыстық іс болған. Аяқталған 84 істің 32-сі қысқартылған тәртіппен қаралып, қаралған істердің 38 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ, процессуалдық мерзімдері бұзылып, яғни, 6-айдан астам қаралған қылмыстық істер тіркелген жоқ. Осы кезеңде 18 қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым түсіп, оның 16-сы облыстық соттың апелляциялық алқасында есептік мезгілде қаралған. 13 іс бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалса, 3 іс бойынша үкім өзгерген. Тергеу судьясымен ҚПК-нің 55 бабына сәйкес, барлығы 194 өтініш хат қаралып, 182-сі қанағаттандырылса, 11-і қанағаттандырудан бас тартылып, 1-уі кері қайтарылған. Қаралған өтінішхаттардың санатына тоқталар болсақ, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша – 25, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану – 10, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту – 1, үйқамақ мерзімін ұзарту – 3, қарау жүргізу – 1, тінту жүргізу – 2, алуды санкциялау жөнінде – 100, кәмелетке толмағандардың жауабын сақтап қою – 2, сот шығынын өндіру – 2, соттың санкциясынсыз тінтудің заңдылығы жайлы – 31, соттың санкциясынсыз жеке тінтудің заңдылығы жайлы – 16 іс қаралды.
Сонымен қатар, аудандық пробация қызметінен 34 материал түсіп, барлығы қаралып аяқталған. Ал, кассациялық алқада қылмыстық істер қаралмаған, – дейді Айдос Жолдыбаев.
Хош. Енді өткен жылды азаматтық істер бойынша сараласақ. Аталмыш істер бойынша барлығы 954 талап қою арызы түскен. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 62 арызға көбейген. Талап қою бойынша 787 азаматтық іс қозғалып, соттың өндірісіне қабылданып, оның ішінде қаралу барысында 88 іс бойынша сот бұйрығы, 491 іс бойынша шешім шығарылған. 77 іс бойынша талап қою арыздары қараусыз қалдырылып, 256 азаматтық іс тоқтатылған. Соттылығы бойынша 5 азаматтық іс жолданып, барлығы 917 азаматтық іс аяқталған. Бір шағым қабылдаудан бас тартылып, 76 іс кері қайтарылған. Шешім қабылданған 491 іс бойынша 469 талап қою қанағаттандырылып, 22 талап қою қанағаттандырусыз қалған.
ҚР «Медиация туралы» Заңын қолданып 236 азаматтық іс, 3 іс тараптардың татуласуына байланысты, 7 іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуына байланысты тоқтатылған. Сонымен қоса, ҚР «Азаматтық процестік кодексіне» енгізілген жаңа институт «Сотқа дейінгі хаттама» бойынша 134 іс тоқтатылған. Сот шешімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жайлы арыз түспеген. Осы аралықта процессуалдық мерзімдері бұзылып қаралған азаматтық істер жоқ. Қаралған азаматтық істер бойынша 9 жекеше ұйғарым шығып, апелляциялық 31 шағым түсіп, оның 23-і қаралып, 20-сы өзгеріссіз қалып, 1-уі тоқтатылды. 1-уі өзгертіліп, 1-уі күші жойылып жаңа шешім қабалданған. Осы аралықта оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 383 азаматтық іс аяқталған
Ал, әкімшілік істер бойынша сотқа барлығы 30 іс түсіп, оның 9-ы кері қайтарылған. Қаралу барысында 29 іс аяқталып, 1 әкімшілік іске шешім шығарылып, 18 әкімшілік іс тоқтатылған, оның ішінде «Медиация туралы» Заңын қолданып 18 азаматтық іс тоқтатылып, 1 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған.
Сонымен қоса, аудандық сот өндірісіне 922 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 916 іс негізінен қаралып, 2 іс келесі есептік мерзімге қалған. Бір іс біріктірілген, оның ішінде 790 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылып, 126 іс тоқтатылған.
– Тоқтатылған істер бойынша 104 әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты, медиация заңын қолданып, 14 әкімшілік іс әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауынан, 6 іс құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болуына байланысты аяқталды. Ал, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерi өтіп кетуіне байланысты 2 іс тоқтатылды. Ал, әкімшілік жаза тағайындалған істер бойынша негізгі жаза ретінде 492 адамға әкімшілік айыппұл салынып, 207 адам әкімшілік қамаққа алынса, 25 адам арнайы көлік жүргізу құқығынан айырылып, 53 адамға ескерту жасалды, – дейді сот төрағасы.
Айдос Кәрібайұлының айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 30, 130, 300 тенгені құрайды. Оның 15, 144, 148 теңгесін айыптылар өз еркімен төлеген.
Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 42 жекеше қаулы шығарылып, 16 апелляциялық шағым түскен. 12 апелляциялық шағымның қаулылары өзгеріссіз қалып, 2 апелляциялық шағымның қаулысы өзгертілген.
Кассациялық алқаға әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша шағымдар түспеген.
Айта кетейік, бүгінде аудандық сотта соңғы өзгерістерге сәйкес сот жүйесі ашықтық пен жариялылыққа байланысты атқарылып жатқан жұмыстары баспасөз беттері мен сайттарда жарияланып отырады.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы Айдос Кәрібайұлы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын жеткізді.
Айсұлу Алданазар