Жүрегі кең, емі шипалы мейірбике

Мейірбикелік – жауапкершілік пен адалдықты талап ететін мамандық. Бүгінгі кейіпкеріміз өзінің қызметінде тек кәсіби шеберлігімен ғана емес, мейірбан мінезімен де ерекшеленеді. Науқастардың денсаулығын жақсарту үшін күн-түнмен санаспай еңбек етіп келеді.Осыдан-ақ, нәзік жандылардың медицина саласында да бекемдік пен төзімділіктің үлгісін таныта алар қалтқысыз қызметтерін пайымдауға болады.
Жазира Кызылорда облысы, Сырдария ауданы,Айдарлы ауылының тумасы. Орта мектепті яғни N°139Амангелді орта мектебін үздік бітіріп, 2007-2011 жылдары аралығында Қызылорда облыстық медицина колледжін тәмамдаған. 2015 жылдан бастап Жаңақорған көпбейінді аудандық орталық ауруханасына жұмысқа орналасқан. 2015 жылы мамыр айынан қараша айына дейін СӨСҚ мейірбикесі болып жұмыс істеген. 2015 жылы қараша айынан 2024 жылдың наурыз айына дейін терапия бөлімінде, 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Инсульт» орталығында мейірбик е болып қызмет атқарып келеді.Үй мен түздің қызметін қатар алып жүруде қаншалықты қажыса да, талса да жүрек қалауымен таңдаған мамандығы күш-қуат беріп келеді.
– Әйелдердің еңбегін жоғары бағалау – олардың әлеуметтік және кәсіби өмірінің көрінісі ғана емес, жалпы қоғамның дамуы үшін де маңызды деп ойлаймын. Біздің жұмысымыз отбасы мен жұмысты теңгерімді сақтауды талап етеді. Уақытымыздың көп бөлігі емхана мен ауруханада өтетіндіктен кей жағдайда отбасына көңілді аз бөлетініміз жасырын емес. Кейде үйде отырып та науқастың жағдайына алаңдап отырамыз. Әрине, мұндайда ең бірінші өмірлік жарың көмекке келеді. Жолдасың жұмысыңның жауапкершілігін түсінгенде отбасы мен жұмысты үйлестіру жеңілдейді, – дейді Жазира Ерубайқызы.
Иә, мейірбике – науқастың ең жақын жанашыры, қолдау-көмегін көрсететін қамқоршысы іспеттес. Жазира Ерубайқызы сынды дәрігерлер медицина саласында тек үздік маман болумен шектелмей, ауыр жағдайларда пациенттерге моральдық тұрғыдан да қолдау көрсетеді. Бұл қасиеттер, әсіресе балалар мен қарттар арасында аса маңызды. Өйткені, жылы шырайлы мейірбике жүректерге жылу сыйлап, үміт отын жағады.
Иә, бағалай білген кісіге медицина қызметкерлерінің тұғыры биік. Сондықтан, тек ісімен ғана емес жүрегімен емдей білетін Жазираға емделушілері де дән риза. Отбасы мен жұмысты қатар алып жүру оңай емес. Сондықтан ол әр ісіне ұқыптылықпен қарайды және медицинада қателесуге болмайтынын жақсы түсінеді.
Атын атамауды өтінген сондай емделушілерінің бірі: «Мен инсульт ауруымен дәрігер тағайындаған емді Жазира шипалы қолымен емдеп келеді. Уақыт өткізіп алғанымды айтты. Алайда оның мейіріммен қарап, жылы сөзін естігенде ауруыңнан айыққандай боласың. Шүкір, бүгінде кешенді ем арқасында денсаулығым жақсы», – дейді емделушісі.
Адамның жүйке жүйесіне түскен қысымнан ішкі органдар зақымданады. Соның салдарынан адамда диабет, гипертония, астма, аллергия, инсульт және инфаркт аурулары пайда болады. Дана алдына келген әрбір адамға емделу жолынан бөлек, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп, денсаулықты күтіп-баптаудың жолын көрсетуге мән береді екен.
Мемлекеттің басты байлығы – адам денсаулығы. Олар сол ұлы мақсат жолында еңбек етіп келеді. Өзгенің саулығына жауапкершілікпен қарап, қызметін қалтқысыз атқаратын Жазираның дәрігерлерлік тұлғасы көп үлгі...
Жәмила ЕРМАХАН